Сәрсенбі, 18 Ақпан 2026
Жаңалықтар 120 0 пікір 18 Ақпан, 2026 сағат 11:56

Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды

Сурет: inbusines.kz сайтынан алынды.

Әкімнің айтуынша, істі болған орынбасары Гүлбарам Мұсағазина 11 ақпанда өз өтініші бойынша қызметінен босатылған.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов "ТобылИнфо" басылымына орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді.

"Өздеріңізге белгілі, Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы ақпарат тарады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік орган тергеу барысына араласпайды және қандай да бір баға бере алмайды. Барлық мән-жайлар объективті әрі жан-жақты қаралады деп сенемін", – деді Құмар Ақсақалов.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК баспасөз қызметі Қостанай облысы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаған болатын.

Abai.kz

0 пікір