Бейсенбі, 19 Ақпан 2026
Жаңалықтар 121 0 пікір 19 Ақпан, 2026 сағат 11:48

АҚШ Сириядан әскерін шығаруды бастады 

Сурет: Азаттық радиосы сайтынан алынды

Бұл процесс шамамен екі айға созылуы мүмкін.

Америка Құрама Штаттары Сириядағы қалған барлық әскери қызметшілерін шығаруды жүзеге асыруда. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды.

Басылым мәліметінше, АҚШ Араб Республикасында қалған шамамен 1 мың әскери қызметшіні елден әкету жұмыстарын бастап кеткен. Бұл процесс шамамен екі айға созылуы мүмкін. Сонымен қатар, шешім АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты емес екені атап өтіледі.

Ақпан айының басында АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы Сириядағы Эт-Танф әскери базасынан америкалық күштерді жоспарлы түрде шығаруды аяқтағаны туралы хабарланған болатын.

Abai.kz

0 пікір