«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әбутәліп Мүтәлінің Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауалы
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әбутәліп Мүтәлінің Премьер-Министр Олжас Бектеновке сейсмология саласын дамыту туралы депутаттық сауал жолдаған. Біз аталған депуттаттық сауалдың толық нұсқасын оқырман талқысына ұсынамыз.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О.А. Бектеновке
Құрметті Олжас Абайұлы!
Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін әрі қарай дамыту мәселесі Қазақстан Республикасындағы кейбір өңірлердің, әсіресе Алматы қаласы мен Алматы облыстарының сейсмикалық белсенді болуы, жылдам урбанизациялану және құрылыс тығыздығының артуы жағдайында аса өзектілігін сақтап отыр.
Сыни сәтте жақындап келе жатқан жер сілкінісі туралы ескерту адамдарға мүмкіндігінше қысқа мерзімде келуі маңызды. Бұл өмір мен денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді!
Мұнда цифрландыру маңызды.
Мемлекет басшысы 2024 жылғы 25 қаңтарда Алматы қаласында өткен сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңесте атап өткендей, қолданыстағы азаматтық қорғау жүйесі байырғы технологиялық жаңғыртуды талап етеді, ал хабарландыру және мониторинг процестері халық қауіпсіздігінің нақты қажеттіліктеріне қайта бағдарлануы тиіс.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сейсмикалық қауіптерден ең тиімді қорғаныс жолы, ол геодеректерді маңызды инфрақұрылыммен және құрылыс секторымен байланыстырып бірыңғай цифрлық контур құру арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы Жапонияда «UrEDAS» жүйесі нақты уақыт режимінде жүздеген станциялардан сигналдарды өңдейді, бұл автоматты түрде, адам факторынсыз, жойқын толқын келгенге дейін бірнеше секунд бұрын жүрдек пойыздарды тоқтатуға және өнеркәсіптік нысандарда газ беруді тоқтатуға мүмкіндік береді.
Ал АҚШ-та (Калифорнияда) «ShakeAlert» жүйесінің деректері сейсмикалық шағын аудандастырудың цифрлық карталарына тікелей біріктірілген, олардың негізінде қатаң құрылыс кодтары қолданылады: ғимарат параметрлері белгілі бір жер учаскесінің егжей-тегжейлі тәуекелдеріне сәйкес келмесе, құрылыс салушы жобалауға рұқсат ала алмайды.
Жер сілкінісі кезіндегі әлемдік озық тәжірибенің басты сабағы – сейсмикалық белсенділікті жай ғана тіркеп отырудан қатерлерді проактивті басқару форматына көшуде жатыр.
Ал бізде не бар?
Депутаттық бақылау аясында бұдан алдын жіберілген сауалға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің жауабы қаралды. Министрлік сейсмикалық тәуекелдерді бағалау тәсілдерін нормативті бекітуді, Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспарын іске асыруды, сондай-ақ халықты ерте құлақтандыру жүйесінің жекелеген элементтерін ендіруді қоса алғанда, сейсмология саласын дамыту бойынша жұмысты рет-ретімен жүргізіп жатқанынатап көрсетеді.
Сонымен қатар осы саладағы міндеттердің кешенді сипаты мен технологиялардың қарқынды дамуын ескере отырып, кейбір бағыттар сейсмикалық тәуекелдерді басқарудың бірыңғай, технологиялық жағынан интеграцияланған жүйесін қалыптастыру мақсатында одан әрі күшейту мен дамытуды талап етеді.
Мәселен, қала құрылысын жоспарлау кезінде сейсмикалық аудандарға бөлу карталарын толық пайдалану мәселелерікезең-кезеңімен ендіру сатысында, бұл бірқатар өңір бойынша оларды әзірлеуді аяқтау қажеттілігімен байланысты. Осыған орай геодеректер инфрақұрылымын әрі қарай дамыту және оларды аумақты жоспарлау процестеріне интеграциялауқажеттілігі сақталып отыр.
Жалпы алғанда, сейсмологиялық мониторингілеу жүйесі жұмыс істеп тұр және дамытылуда, соның өзінде байқау желісін қамтуды әрі қарай кеңейту және оны байқау деректерінің толықтығын арттыру мақсатында еліміздің сейсмикалық қауіпті аудандарына біркелкі бөлуді арттыру талап етіледі.
Халыққа алдын ала ескерту және құлақтандырудың интеграцияланған жүйесін жасау бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар заманауи халықаралық тәсілдерді ескере отырып, мониторингілеу, талдау және құлақтандыру деректерін сейсмикалық тәуекелдерді басқару ұлттық бірыңғай контурына біріктіру механизмін дамытуды жалғастыру қажет.
Осы саланы цифрландыруға ерекше назар аудару қажет. Жер сілкінісі кезіндегі Реакция бірнеше секунд ішінде болуы керек. Мұнда жасанды интеллект мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет.
Қазіргі уақытта сейсмологиялық деректердің цифрлық базасын кезең-кезеңімен қалыптастыру, сондай-ақ талдау мен модельдеудің заманауи әдістерін ендіру мәселелерін пысықтау жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар мүмкіндіктерді есептеуді кеңейту мен үлкен деректерді талдау технологияларын қолдануды қоса алғанда, осы бағыттарды әрі қарай дамыту болжамдық бағалаудың дәлдігін және тәуекелдерді басқарудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Жалпы Министрлік қабылдап жатқан шаралар ұлттық сейсмологиялық қауіпсіздік жүйесін әрі қарай дамытуға негіз болады және қолдауды талап етеді.
Баяндалғанды ескере отырып, сейсмикалық тәуекелдерді басқару жүйесін одан әрі жетілдіру тәртібімен мынадай шараларды қабылдау керек деп санаймыз:
Қабылданған шаралар туралы заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша түрде ақпарат беруіңізді сұраймын.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының
Парламенті Мәжілісінің депуттары Ә. Мутәлі, М.Ескедіров, Д. Исабеков, Н. Байтілесов
Abai.kz