Дүйсенбі, 23 Ақпан 2026
Жаңалықтар 108 0 пікір 23 Ақпан, 2026 сағат 15:15

Қысқы Олимпиада аяқталды. Қазақстанда 1 алтын!

Сурет: Сали Сабиров / olympic.kz.

Қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатында Михаил Шайдоров Қазақстан туын ұстап шықты.

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена ди Верона амфитеатрында ұйымдастырылды.

Спортшылар шеруінде Қазақстан туын алтын медаль иегері, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ұстап шықты.

Бұл Олимпиадада Қазақстан атынан 36 спортшы 10 спорт түрінен сынға түсіп, бір алтынмен медаль кестесінде 19-орын алды.

Салтанат соңында Олимпиада туы Францияға табысталып, 2030 жылғы Қысқы ойындардың осы елде өтетіні жарияланды. 2026 жылғы Олимпиада алауы Людовико Эйнауди әуенімен сөндірілді.

Abai.kz

0 пікір