Референдумда қандай сұрақ қойылатды?
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Михаил Бортник 12,5 миллион қазақстандық жауап беретін сұрақты жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Михаил Бортниктің айтуынша, референдумда азаматтарға бір ғана сұрақ қойылады.
— «2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қабылдайсыз ба?» Жауап нұсқалары: «Иә, қабылдаймын», «Жоқ, қабылдамаймын», — деп оқып берді Михаил Бортник.
Дауыс беру үшін азаматтар көк түсті сиясы бар қаламмен таңдаған жауабының қасындағы шаршыға белгі қоюы қажет.
Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді. ОСК бекіткен күнтізбеге сәйкес, үгіт-насихат науқаны үш күнге созылады. 14 наурыз — тыныштық күні, 15 наурыз — дауыс беру күні. Дауыс беру қорытындылары 21 наурыздан кешіктірмей ресми түрде жарияланады.
Abai.kz