Сейсенбі, 24 Ақпан 2026
Жаңалықтар 107 0 пікір 24 Ақпан, 2026 сағат 15:13

Мәскеуде жарылыстан бір полицей қаза болды

Сурет: Журнал Движок сайтынан алынды

23 ақпанда түнде Мәскеуде жарылыстан бір полицей қаза болды. Бұл жөнінде Baza телеграм-арнасы хабарлады. Ақпаратты кейін Ресей ішкі істер министрлігі мен тергеу комитеті растады. Кейінгі ақпаратқа қарағанда, жарылысты ұйымдастырған адам да өлген. Тағы екі полицей жараланған.

Жарылыс Мәскеудің Савелев вокзалында болған. Белгісіз бір адам жарылған затты полицияның көлігіне лақтырған, ол өзінің әрекетін видеоға түсірген. Кей ақпаратқа қарағанда, ол жасырынып қалған болуы мүмкін. Алайда кейін тергеу комитеті оның жарылыс кезінде қаза болғанын хабарлады.

Ішкі істер министрлігіне сүйенген ТАСС агенттігі Мәскеудің Савелев возкалы аумағында белгісіз зат жарылып, соның салдарынан жол патрульдік қызметінің қызметкері қаза болғанын растады. Тағы екі полицей жараланған. Жарылғыш заттың түрі мен шабуылдаушының аты-жөні хабарланған жоқ.

Abai.kz

0 пікір