Header Banner
Сәрсенбі, 11 Наурыз 2026
Жаңалықтар 85 0 пікір 11 Наурыз, 2026 сағат 14:48

Қазақстан инвестиция тартудан Орта Азияда алдынғы орында

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды.

Қазақстан экономикасында жинақталған тікелей шетел инвестициясының  көлемі 2024 жылы 151,3 млрд доллар болған. Біріккен Ұлттар Ұйымы Сауда және даму жөніндегі конференциясының «Әлемдік инвестициялар туралы» баяндамасында осындай дерек айтылған.

Орталық Азиядағы 4 көрші мемлекеттің жиынтық ЖІӨ 2024 жылы шамамен 215 млрд доллар болған. Ал экономикада жинақталған тікелей шетел инвестициясының көлемі 69,3 млрд долларға жеткен. Салыстырсақ, төрт елдің экономикасын бірге алғанның өзінде, жинақталған шетел капиталы Қазақстандағы көрсеткіштен екі еседен астам төмен болып шығады. Басқаша айтсақ, Орталық Азияда жұмыс істеп тұрған шетелдік инвестицияның 68,6 пайызы Қазақстанда шоғырланған.

Abai.kz

0 пікір