Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1410 0 пікір 12 Наурыз, 2026 сағат 17:12

«Хезболла» Израильдің солтүстігіне ракета және дрондармен шабуыл жасады

Сурет: Азаттық радиосы сайтынан алынды

11 наурызда кешке ираншыл шииттік "Хезболла" тобы (АҚШ, Израиль, Канада, Египет және бірқатар елде террористік ұйым деп танылған) Ливанның оңтүстігінен Израильдің солтүстігіне қарай шамамен жүз ракета мен біраз дрон жіберді. Әзірге толық емес мәлімет бойынша екі адам жеңіл жараланған

Бұған дейін сәрсенбі күні Ливан денсаулық сақтау министрлігі Израиль Ливанның шығысындағы Бекаа жазығын атқылағаннан кейін кемінде 7 адам қаза болды, 23 адам жараланды деп мәлімдеген. Ливанның шығысында "Хезболланың" тірек пунктері шоғырланған.

Израиль әскері оның алдында сонда тұратын және оның маңындағы алты елді мекен тұрғындарына ескерту жариялап, сол жерден дереу кетуге шақырған деп айтылады.

9 наурызда ЦАХАЛ Израильдің солтүстігіндегі тұрғындарды қорғау мақсатында және "әрі қарай да қорғаныс позициясын нығайту үшін" Ливанның оңтүстігіндегі "Хезболлаға" қарсы "шектеулі құрлық операциясын" бастаған. Израиль әскерінің айтуынша, олар "террористік инфрақұрылым ошақтарын анықтап, жоюмен айналыспақ".

ЦАХАЛ мәліметінде құрлық әскері кірмей тұрып аумақты атқылағаны және көптеген террористік нысандарға әуеден де, жерден соққы жасалғаны" жазылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 942
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2427
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 646
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 629