Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1113 0 пікір 13 Наурыз, 2026 сағат 16:49

Заңсыз контентті анықтау тәртібі өзгереді

Сурет: Vesti.az сайтынан алынды

Құжатты Қаржылық мониторинг агенттігі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңға сәйкес әзірлеген.

Ақпараттық кеңістікте құқыққа қайшы контентті анықтау және оны бұғаттау шараларын қабылдау мақсатында мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Жобаға сәйкес, қағидалар уәкілетті органның құзыреті шегінде ақпараттық кеңістікке, оның ішінде интернет желісіне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды. Сондай-ақ құжатта мониторинг жүргізу барысында құқыққа қайшы контентті анықтау және оның интернет желісіндегі қолжетімділігін шектеу (бұғаттау) бойынша шаралар қабылдау көзделген.

Аталған іс-шараларды жүзеге асыру мерзімі нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген сәттен бастап жүзеге асырылады.

Айта кетейік, онлайн-платформа өкілдіктеріне құқыққа қайшы контентті жою жөніндегі уәкілетті органның нұсқамаларын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1384
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2965
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1029
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 967