Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1105 0 пікір 15 Наурыз, 2026 сағат 09:14

Панфилов ауданында 105 жастағы әже ең алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Сурет: Панфилов ауданы әкімдігінен алынды.

103 шөбересі бар Нағиман Шалабаева Жаркент қаласындағы №290 дауыс беру учаскесінде таңдау жасап, еліміздегі маңызды қадамнан қалыс қалмады.

Ғасырдан асқан абыз ана 13 құрсақ көтеріп, бүгінде 36 немере,103 шөбере одан 13 шөпшек сүйіп отыр. Ғұмырының жүзден асқан жылында еліміздегі барлық маңызды саяси оқиғалардан қалыс қалмай әрқашан көпке үлгі болуда. 105 жасында әулеттің ғана емес елінің анасына айналған Нағиман апа дені сау, әлі тың екенін айтады.

"Бүгін мен таңнан осында келуге дайындалдым. Өмірімде осынша жасқа келгенше талай сайлауларда дауыс бердім. Құдайға тәубә мен көпті көрдім. Аштықты, жоқшылықты көрдім. Қазір не бар бәрі бар. Қанағат ету керек жастар. Елу жылда ел жаңа. Менің дауыс беруім осы жаңаруға қосқан үлесім. Ештеңе жасамасаңда өзіңнің еліңнің дегенін қолда. Менің жасымды берсін сендерге", - деген Нағиман ападан дауыс беруге келген тұрғындар батасын алып, құрметтерін білдіруде.

Жалпы Панфилов ауданындa 79 референдум учаскесі болса, соның 84 410 тұрғыны дауыс беру құқығына ие.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1324
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2896
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 979
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 909