Панфилов ауданында Еңбек Ері мен олимпиада жүлдегерінің анасы таңдау жасады
Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова мен олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың анасы Ырысжан Теңізбаева Жаркент қаласындағы №735 дауыс беру учаскесінде дауыс берді.
Дала аруы атанңан Күләш апамыз еліміздегі саяси және қоғамдық маңызды оқиғалардан еш қалыс қалған емес. Қара жердің қадірін білетін Еңбек Ері- Атазаңымыздағы өзгерістерді жоғары бағалайтынын айтады.
“Конституцияда- Жер және жер ресурстары халықтың меншігі” деді . Бұдан артық сөз барма. Біз жер жыртып, жүгері егіп осындай бақытты сәтке қол жеткіздік. Бірлік пен ырыс бар жерде әрдайым қуанышты сәттер бола бермек. Өзің үшін, ұрпағың үшін дауыс беру, еліміздің бастамасына ат салысу баршамыздың міндетіміз” деген батыр ананы дауыс беруге келген тұрғындар құрмет көрсетіп, ақ батасын алуға асықты.
Ал Ырысжан Теңізбаева бүгінгі жасаған таңдауым немерелерімнің болашағы дейді.
Ел құрметінe бөленген қос ақ жаулықты аналар өз таңдауларын жасағанын айтып, өзгелерді де осынау саяси науқаннан шет қалмауға үндеді.
Abai.kz