Тоқаевтың АҚШ-қа сапары мен КҚК мәселесі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті.
Келіссөздер барысында тараптар талқылаған негізгі тақырыптардың бірі Каспий құбыр консорциумы төңірегіндегі жағдай болды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлім етті.
Сондай-ақ сыртқы саясат ведомствосы өкілдерінің мәлімдеуінше, тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық мәселелерін және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың G20 саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жоспарланған сапарына дайындық барысын сөз етті. Алайда министрлік КҚК-ға қатысты әңгіменің егжей-тегжейін ашып айтқан жоқ.
Abai.kz