Header Banner
Сейсенбі, 17 Наурыз 2026
Билік 123 0 пікір 17 Наурыз, 2026 сағат 12:45

Әбдіровтің есебі: Референдум қорытындысы қандай?

Сурет: turkystan.kz сайтынан алынды.

ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің нәтижелерін жариялады.

Соынмен ҚР ОРК мәліметінше: референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 миллион 482 мың 613 адамды құрады.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 9 миллион 127 мың 192 адамды немесе 73,12 % құрады.

Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 7 миллион 954 мың 667 адам немесе 87,15%  құрады. Қарсы дауыс бергендер – 898 мың 099 адам (12,85%).

Жарамсыз деп танылған бюллетень — 146 558. Есепке алынбаған бюллетень саны — 127 868.

Осылайша, референдум нәтижесі бойынша Жаңа Конституция қабылданды.

Abai.kz

0 пікір