Трамп Украинаны «лақтырып» кетті ме?!
Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату туралы келіссөздер Таяу Шығыстағы шиеленістерге байланысты тоқтап қалды.
Ресей тарабы 19 наурызда АҚШ пен Израиль Иранға соғыс бастағаннан кейін Вашингтон, Мәскеу және Киев арасындағы Украинадағы соғысты тоқтату туралы келіссөздер «жағдайға байланысты кідіріп» тұрғанын мәлімдеді.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Бұл айқын себептерге байланысты туындаған үзіліс», - деді. Ол Мәскеу «америкалық серіктестеріміз» Украинадағы жағдайға қайт ден қойғаннан кейін үзілістің аяқталып, келіссөздердің жаңа кезеңі өткізілетінінен үмітті екенін айтты.
Рейтер агенттігі «Известия» газетінің бас бетіндегі хабарға сілтеме жасай отырып, Кремль Украина бойынша келіссөздердің тоқтатылғанын растағанын және Таяу Шығыстағы соғыс Киевті келіссөздерде ымыраға келуге итермелеуі мүмкін екенін атап өткенін мәлімдеді.
Деседе Украина президенті Зеленский үзілістің уақыты біткенін әрі Вашингтонның келіссөздерді қайта бастауға дайын сыңай білдіргенін айтады. Ол Украина өкілдерінің демалыс күндеріне жоспарланған келіссөздер үшін Америка Құрама Штаттарына бара жатқанын жеткізді. Келіссөздердің жаңа кезеңінің нақты форматы мен қатысушылары әлі нақтыланбаған.
Тағы да сол «Известия» басылымыы Украина президентінің елшісі Кирилл Дмитриев бастаған Америка Құрама Штаттарымен экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық бойынша келіссөздер жалғасатынын хабарлады.
Өткенге көз жүгіртсек, Украина мен Ресей өткен жылы Түркияда, ал биыл АҚШ-тың араағайындығымен Абу-Даби мен Женевада келіссөздер өткізді. Бірақ Украина Ресейдің Донецк аймағынан бас тарту талабы келіскен жоқ, екі жақта келіспеушіліктер әлі де бар.
АҚШ Ұлттық барлау директоры Тулси Габбард алдыңғы күні Сенаттың арнайы барлау комитетінде Ресейдің Украинаға қарсы соғыста «басымдылығын сақтап қалғанын» мәлімдеді. Ол: «Мәскеу Киевтің қарсылық қуаты мен ерік-жігерін әлсірету мақсатында келісімге қол жеткізілгенге дейін соғысты жалғастыруы мүмкін», - деді.
Ресей президенті Путин бейбітшілікті талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Дегенмен, ол 2024 жылы соғысты аяқтау үшін ұсынған Киевтің НАТО-ға кіру жоспарынан ресми түрде бас тартып, Ресей талап еткен төрт аймақтан толығымен шығу шартын тағы да алға тартты.

Abai.kz