Сәрсенбі, 25 Наурыз 2026
Жаңалықтар 82 0 пікір 25 Наурыз, 2026 сағат 16:23

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Сурет: kaz.inform.kz сайтынан алынды.

Ақорда Ерболат Досаевтың қызметінен босатылғанын хабарлады.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Ерболат Асқарбекұлы 1970 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

Ол 1993 жылы Алматы энергетикалық институтын, сондай-ақ Мәскеудің Бауман атындағы мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Мамандығы – электрондық техника инженері.

Еңбек жолы:

– 1993 - 1994 жж. – менеджер, «Іскер» халықаралық ғылыми-өндірістік кәсіпорны;

– 1994 ж. – директордың орынбасары, «Вега» шағын кәсіпорны;

– 1994 - 1996 жж. – директордың орынбасары, директор, «Фирма «Акцепт» ЖШС;

– 1996 - 1997 жж. – директор, бірінші вице-президент, бас директор, «Корпорация «Акцепт» ЖТАҚ;

– 1997 ж. ақпан - тамыз – басқарма төрағасының орынбасары, «Банк Тұран-Алем»;

– 1997 ж. тамыз - 1998 ж. наурыз – басқарма төрағасы, «Алматинский торгово-финансовый банк» ЖАҚ;

– 1998 ж. наурыз - шілде – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі;

– 1998 ж. шілде - 2000 ж. ақпан – ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;

– 1999 ж. желтоқсан - 2001 ж. шілде – ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі;

– 2000 ж. ақпан - 2001 ж. қараша – ҚР Қаржы вице-министрі;

– 2001 ж. қараша - 2002 ж. тамыз – ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекені қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы;

– 2002 ж. қыркүйек - 2003 ж. маусым – ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау агенттігінің төрағасы;

– 2003 ж. маусым - 2004 ж. сәуір – ҚР Қаржы министрі, ЕБРР-дегі Қазақстанның басқарушысы;

– 2004 ж. сәуір - 2006 ж. қыркүйек – ҚР Денсаулық сақтау министрі;

– 2012 ж. қыркүйек - 2013 ж. қаңтар – ҚР Экономикалық даму және сауда министрі;

– 2013 ж. қаңтар - 2014 ж. тамыз – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;

– 2014 ж. тамыз - 2016 ж. мамыр – ҚР Ұлттық экономика министрі;

– 2016 ж. мамыр - 2017 ж. тамыз – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы;

– 2017 ж. тамыз - 2019 ж. ақпан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары;

– 2019 ж. ақпан - 2022 ж. қаңтар – ҚР Ұлттық банк төрағасы;

– 2022 жылғы 31 қаңтардан бері – Алматы қаласының әкімі (2022 жылғы 2 желтоқсанда қайта тағайындалды).

Айта кетейік, Ерболат Досаев өткен жылы мамырда Алматы қаласының әкімі қызметінен кетті.

Одан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.

Abai.kz

0 пікір