Сейсенбі, 31 Наурыз 2026
Жаңалықтар 113 0 пікір 31 Наурыз, 2026 сағат 12:31

Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу

Сурет: 7kun.kz сайтынан алынды.

Айналымы күнтізбелік жыл ішінде, сондай-ақ осы бапта көзделген жағдайларда айналымның шекті шегінен асатын салық төлеушілер салық төлеушіні тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатады.

Салықтық өтініш айналымның шекті шегінен асқан кезде, бірақ айналымның шекті шегінен асқан күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Айналымның шекті шегі – тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 (Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, 1 айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 4 325 теңгені құрайды) еселенген мөлшеріне тең айналым  (Салық кодексінің 99- бабының 4- тармақшасы).

Қосылған құн салығы бойынша тіркеуге қою мақсатында айналым мөлшері мынадай айналымдардың жиынтығы ретінде айқындалады:

1) бейрезидент Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын жаңадан құрылған резидент-заңды тұлға, құрылымдық бөлімше – тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;

2) салық органдарында дара кәсіпкерді тіркеу есебіне қайта тұрған жеке тұлға – дара кәсіпкер тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;

3) арнаулы салық режимін қолданған салық төлеуші – жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшкен күннен бастап;

4) өзге салық төлеуші – ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап айқындалады.

Егер сіздің айналымыңыз қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу үшін белгіленген ең төменгі шекті мәннен асып кетсе, сізге қосылған құн салығы төлеушісі ретінде тіркелу қажет.

Ж.А.Баезов, Алмалы ауданы бойынша МКБ бас маманы

Abai.kz

0 пікір