Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 6071 0 пікір 27 Қазан, 2009 сағат 08:17

Президент Назарбаевтың қазақ халқына қаратып айтқан сөзі

Осы арада мен өзімнің барша бауырларыма - қазақтарға айрықша сөз арнағым келеді, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы  Ассамблеяның 15-сессиясының  төрінде тұрып.

Ол былай деді:

- Ұлыстың ұйытқысы болған қымбатты қандастарым, құрметті қазақ бауырларым!

Бүгінде дүние жүзінде 200-ге таяу мемлекет бар. Ал 3 мыңға жуық этностың өзіндік ұлттық мем­лекеті жоқ. Біз ата-бабалары­мыз­дың аңсар-арманына қол жет­кі­зіп, мыңжылдықтың түйіскен то­ғысында тәуелсіз мемлекет құрдық.

Біз, қазақтар, араға ғасырлар салып өз жерімізде алғаш рет еркін тыныстап, еңсе тіктедік. Қазақ тілі өркен жайып, балаларымыз ана тілінде тәрбие алып келеді.

Дәуір алмасып, заман өзгерді. Қазір байырғы қазақ жерінде жаңа азаматтық қоғам қалыптасуда. ХХІ ғасырда қазақтар мемлекетқұраушы ұлт ретінде жаңа белеске көтеріліп, Қазақстан халқының берік өзегіне, сенімді діңгегіне айналуда.

Бұл ретте тағы бір айта кететі­нім - Қазақстанның тәуелсіздігінің болашағы үшін, өсіп-өркендеу үшін, нығаюы үшін қазақтың - өзіміздің ұлттың бірлігі керек. Егер бәріміз жармасайық билікке деп жан-жаққа кететін болсақ, осы тәуелсіздіктен, еркіндіктен айры­ла­тын боламыз. Мен мұны әдейілеп айтып отырмын.

Түрлі этностардың бұрын орын алған азаптары мен ащы тағдыры болашақта қайталанбас үшін оларды әркез ескере білу керек.

Осы арада мен өзімнің барша бауырларыма - қазақтарға айрықша сөз арнағым келеді, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы  Ассамблеяның 15-сессиясының  төрінде тұрып.

Ол былай деді:

- Ұлыстың ұйытқысы болған қымбатты қандастарым, құрметті қазақ бауырларым!

Бүгінде дүние жүзінде 200-ге таяу мемлекет бар. Ал 3 мыңға жуық этностың өзіндік ұлттық мем­лекеті жоқ. Біз ата-бабалары­мыз­дың аңсар-арманына қол жет­кі­зіп, мыңжылдықтың түйіскен то­ғысында тәуелсіз мемлекет құрдық.

Біз, қазақтар, араға ғасырлар салып өз жерімізде алғаш рет еркін тыныстап, еңсе тіктедік. Қазақ тілі өркен жайып, балаларымыз ана тілінде тәрбие алып келеді.

Дәуір алмасып, заман өзгерді. Қазір байырғы қазақ жерінде жаңа азаматтық қоғам қалыптасуда. ХХІ ғасырда қазақтар мемлекетқұраушы ұлт ретінде жаңа белеске көтеріліп, Қазақстан халқының берік өзегіне, сенімді діңгегіне айналуда.

Бұл ретте тағы бір айта кететі­нім - Қазақстанның тәуелсіздігінің болашағы үшін, өсіп-өркендеу үшін, нығаюы үшін қазақтың - өзіміздің ұлттың бірлігі керек. Егер бәріміз жармасайық билікке деп жан-жаққа кететін болсақ, осы тәуелсіздіктен, еркіндіктен айры­ла­тын боламыз. Мен мұны әдейілеп айтып отырмын.

Түрлі этностардың бұрын орын алған азаптары мен ащы тағдыры болашақта қайталанбас үшін оларды әркез ескере білу керек.

Иә, аштық та, қуғын-сүргін де, соғыс та, жер аударулар да болды.

Бірақ бұл деректерді біз өткен уақыт пен бүгінде жоқ адамдарды бостан-босқа сынау үшін пайдалан­баймыз. Оның үстіне бұрынғы Ке­ңес Одағының барлық халықтары да зардап шекті.

Бір кезде бізге жамандық істел­гені үшін жайдан-жай біреулерге жамандық жасауға болмайды. Өткен өтіп кетті. А.С.Пушкин айт­қан­дай, шляпамызды шешіп, өт­кенге тағзым етейік те, болашаққа бет бұрайық, білек сыбана еңбекке кірісейік.

Менің атыма осыдан 15 жыл бұрын Көкшетаудан кетіп, қазірде Германияда тұрып жатқан Людвиг Лейхнерден хат келді.

Ол өз үйінде шағын музей ашып, оған қазіргі заманғы Қазақ­станның тарихы мен өмірі туралы материалдар жинайтынын, сөйтіп оларды көршілеріне, қонақтарға көрсететінін жазады.

Хатта мынадай сөздер бар: "Волга бойынан қоныс аударған немістерді қонақжайлылықпен қарсы алып, бәрін де - тамағын да, тұрғын үйін де, жылуын да бөліскен қазақ халқы туралы жадымыз өшпеуге тиіс".

Біздің еліміздегі өзге этностар­дың өкілдері де қазақтарға дәл осындай жылы алғыс сезімдерін білдіреді.

Германия, Грекия, Израиль сияқ­ты шетелдерде бола жүріп мен қазақ халқына және біздің жері­мізге шынайы ризашылықтарын білдіретін бұрынғы қазақстан­дық­тарды кездестіремін. Маған алғыс айта отырып, олар қазақтардың бұ­рын­ғы буынына, яғни өздерін қар­сы алған біздің әкелеріміз бен ана­ларымызға өз ниеттерін жеткізеді деп білемін. Менің ойымша, біздің ата-бабаларымызды алдауға құ­қы­мыз жоқ. Біз оларға лайық болып, осы жұмыстарды жалғастыруымыз керек.

Біз бөлшектеу мүмкін емес зор мәдени құндылықтарды да бірлесе жасап жатырмыз.

Үшінші  тұғыр - ол біздің ортақ болашағымыз. Тәуел­сіздік алғаннан кейін қазақ­стандықтар бірлесе отырып өз тағдырларына еркін таңдау жасады. Біздер болашақты бірігіп орнатып жатырмыз. Елді дамытып, өзіміздің балаларымыз бен немерелеріміз үшін университеттер, мектептер, ауруханалар салудамыз.

Егер біз оларға достық пен бауырластық, сенім мен толерант­тылық сезімдерін дарыта алсақ, оларда бәрі де болады.

Тұтастай алғанда, Ұлттық бірлік доктринасының мазмұнына қатыс­ты көзқарастар осындай.

 

Енді болашаққа арналған кейбір нақты міндеттер туралы айтайын деп жалғады сөзін Елбасы.

Этносара­лық келісімнің әлеуетін нығайта түсу үшін төмендегідей бағыттарда бірқатар шараларды жүзеге асыру керек.

Бірінші. Ең алдымен білім мен тәрбие беру жүйесі арқылы, БАҚ-тарда этносаралық қарым-қаты­нас­тар тақырыбын әдепті жазу ар­қылы, қазақстандықтардың құқық­тық мәдениетін арттыру арқылы азаматтық біртектілікті, қазақстан­дық қоғамдағы толеранттылықты дамыту қажет.

Білім және ғылым министрлігі қа­зақстандық қоғамның ерекше­лік­терін ескере отырып, этно- және по­ли­мәдени білім беруді дамыту жөнінен тұжырымдамалық ұсы­ныс­тар дайындауы керек. "Толерант­ты­лық негіздері" атты факультативтік курс әзірлеп, оны мектептер мен жоо-ларға енгізу қажет.

БАҚ-тарда этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынас­тар­ды әдептілікпен жазу - маңызды мәселе.

Екінші бағыт - мемлекеттік тілді одан әрі дамыту.

Мемлекет барша қазақстандық­тар­дың қазақ тілін біртіндеп үй­ре­нуі үшін барлық жағдайларды жасап отыр.

Енді ҚХА ел халқының мемле­кет­тік тілді меңгеруінің жалпы­ұлт­тық үдерісіне басшылық жасауы ке­рек. Ол үшін ешкімге қысым жаса­май және ешкімді төмендетпей, қажетті шаралар кешенін жүйелі де табанды жүзеге асыру қажет.

Демек бұл - мемлекеттік тілді үйрету орталықтарының желілерін кеңейтіп, оларды әрбір қалада және аудан орталығында, жоо-лар мен өз­ге де мекемелерде құру керек де­ген сөз. Оларға көмектесіп әрі ын­таландырып отыру қажет. Мем­лекет жеткілікті қаржы бөліп отыр, оларды тек дұрыс пайдалану керек.

Оқытудың инновациялық формаларын батыл және кеңірек енгізу қажет.

Субтитрлері бар мемлекеттік тілдегі телерадио хабарларының үлесін арттырудың, қазақ тілді интернет-кеңістіктерді дамытудың маңызы зор, іскерлік, көркем және басқа да әдебиеттерді қазақ тіліне көптеп аудару қажет.

Кеңестерде қазақ тілінде сөйлей берсін, бірақ ілеспе аударма арқы­лы сөйлейтін болсын. Ол қиын емес қой.

Бұл істің табыстылығы тек мемлекетке ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамның белсенділігіне де байланысты.

Өзге этностардың өкілдерін қазақ тіліне оқытуда этномәдени бірлестіктердің бастамашылық танытуларына болады.

Мемлекеттік тіл - ол халық бір­лігінің негізгі факторы. Біздің қоғам, интеллигенция мемлекеттің қазақ тілін дамытуға көңіл бөлмеуі жөніндегі ұсақ, ызалы және попу­лис­тік пікірлерден жоғары тұруы тиіс. Оларды мен естіп жүрмін. Әсі­ресе, егер олар артында ешқан­дай нақтылы іс жоқ, барлық жауап­кершілік тек мемлекетке ғана жүк­теле салған, әншейін бос сөздер болса одан бетер орынсыз.

Сонымен бірге мемлекеттік тіл­ді дамыту оны әлі де білмейтіндерді кемсітуге апарып соқтырмауға тиіс. Біздің азаматтарымыздың консти­ту­циялық құқықтарын бұзуға жол берілмейді, құқық қорғау орган­да­ры оларды шұғыл тыйып отыруы керек.

Бүгінде біз қазақстандықтардың өскелең ұрпағының бойында мемлекеттік тілді білуге деген қан­дай қызығушылықтың оянып жат­қанын көріп жүрміз. Мұны барын­ша ынталандыру қажет. Біздің бірлігіміздің осынау бағытына деген адалдығы үшін олардың ата-аналарына рахмет те айту керек.

Қазақ тілін орыс тіліне қарсы қою қате.

Орыс тілі біздің мәдениет бай­лы­ғының ажырамас бөлігі, әлемдік білімдердің қалың қатпарларын тану­дың, ұлтаралық қарым-қаты­настың тілі болған және болып қала береді.

Айтыңыздаршы, бүгінде Қазақ­станның этностары өзара қай тілде сөйлеседі? Орыс тілінде. Біз игер­ген кезде, болашақта ол тіл қазақ тілі болуы мүмкін. Бірақ бүгінде бұл рөлді орыс тілі атқарып отыр.

Жұмысты тілдердің үштұғырлы­ғы бағдарламасы бойынша белсенді жүргізу маңызды деп есептеймін.

Жалпы, тілді меңгеру үшін оған өзіңнің жүрегіңді ашуың керек. Тосқауыл қоюлармен және дөрекі мәжбүрлеумен бұл істе еш нәрсеге қол жеткізе алмайсың.

Және біз қазақ тілінде сөйлеу қалауы әрбір қазақстандыққа таби­ғи нәрсе болуы үшін бәрін істеуге тиіспіз.

Сонымен бір мезгілде біз Қа­зақстанда тұратын барлық этнос­тар­дың ана тілдерін, мәдени мұра­ла­ры мен дәстүрлерін еркін дамыту үшін бұдан әрі қарай да барлық жағдайды жасайтын боламыз.

Сондықтан Тілдердің қызметі мен дамуының 2011-2020 жылдарға ар­налған мемлекеттік бағдарлама­сын әзірлеп, қабылдау қажет.

Үшінші. Біздің қоғамдағы кон­фессияаралық келісім ұлттық бір­лік­тің маңызды құрамдасы болып әрекет етеді.

Қазақстанда діндердің заңнама­лық теңдігі мен үнқатысуы қағи­дат­тары мызғымайды. Сонымен қатар мемлекет жалған-діни бірлестіктер­дің қызметіне қарсы тұратын болады. Мұнда еліміздегі барлық діни бірлестіктердің белсенді ұстанымы қажет етіледі.

Бұл арада еліміздегі ең көп­сан­ды конфессия - Қазақстан мұ­сыл­мандары діни басқармасына ерекше рөл беріледі. Өз діндарлары ара­сын­да осындай адамгершілік-тәр­бие­лік жұмысты біз Орыс право­славие шіркеуі мен Қазақстандағы өзге де конфессиялардан күтеміз.

 

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5568