Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1800 0 пікір 6 Сәуір, 2026 сағат 13:17

Ресейден қылмыстық топтың мүшесі экстрадицияланды

Сурет: kazgazeta.kz сайтынан алынды.

Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшесі Ресейден экстрадицияланды.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен трансұлттық қылмыстық топ құрамында заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналасқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ресей Федерациясынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды.

Күдікті, 2023 жылы Ресей Федерациясының аумағына шығарып сату мақсатында, Қазақстан аумағы бойынша акцизделетін тауарларды (темекі) сәйкестендіру құралдарынсыз заңсыз сақтап, тасымалдаған. Нәтижесінде, акциздік салықтың Қазақстан бюджетіне түспеген қаражат 1 миллиард теңгені құраған.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылғы сәуірде ол Ресейде ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1346
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2921
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 930