Өмірдің өзіндей ойнау
Мұхаммедсаид Бағашаровтың есімімен, рөлдерімен жақсы таныспын. Алдыңғы жылдары ол түскен «Ақ пен қара», «Алпыстан асып барамын», «Тамаша» телехикаяларынан айтулы бейнелерін тамашалағанмын. Ал шын өмірде бетпе-бет ең алғаш кездескенім биылғы жылдың жаз мезгілі еді. Курстасым Ернар Мұхамбетпен сұхбат құруға келгенімде театр алдында Ернардың қасында Мұхаммедасидттың тұрғанын көрдім. Ернар екеуміз сұхбатқа кеттік, ал Мұхаммедсаид Бағашаров аулада велосипед тебуге аттанды.
Мұхаммедсаидттың шығармашылығы туралы бұның алдында екі мақала жаздым. Ал бүгінгі жазбамның жолы ерекше. Мен бүгін Мұхаммедсаидттің бір ерекше рөліне тоқталғым келеді. Ол Мадина Омарованың «Шанель №5» деректі драмасындағы Юрий Узипенко бейнесі. Юрий Узипенко-өмірде болған адам. Алжир лагері бастығының орынбасары лауазымын атқарған жан. М.Бағашаров кейіптеуіндегі Ю.Узипенко-қатыгез, әйелдерге зорлық-зомбылық көрсеткен, қызметін орынсыз пайдаланатын жағымсыз кейіпкер. Актер Мұхаммедсаид Узипенконы-қанына жексұрындық сіңген өзге ұлт өкілі етіп кейіптейді. Әлемнің бірінші ұстазы Аристотель: «Драмада әрекет болу керек, егер әрекет болмаса кейіпкердің мінезі ашылмайды», - дейтін қанатты сөзі бар.
Мұхаммедсаид әйелдерді аңду, оларға қол көтеру, дөрекелік таныту арқылы Узипенконың болмысын аша алды. Мұхаммедсаид-Юрийдан көрермен актерді емес, кейіпкердің өзін көріп отырғандай сезінеді. Міне, актерлік шеберлік деген осы. Мұхаммедсаидтің аталмыш рөлінен К.Станиславский: «Сенемін» жүйесін немесе К.Станиславскийдің «Кейіпкержандылық» яғни, кейіпкермен өмір сүруін көреміз. Мұхаммедсаидтің Юрий Узипенкосын көрген кезде КСРО халық артисі, абыз актер Асанәлі Әшімовтің: «Масқара, театр анасы Сәбира Майқанова «Дон Жуанның думанындағы» жезөкшелер үйінің басшысын қалай құлпыртады, ә?!» - деген естелігі есіме түседі. Шыныменде, Мұхаммедсаидтің Узипенко бейнесін көре отырып, жеккөріп кететінің де жасырын емес. Бұл жоғарыда айтылған «Сенемін» жүйесіне әдемі үйлесіп тұр. КСРО халық артисі С.Майқанова: «Актер болу — бұл рөлді сырламай, боямай, шынайы өмірдей ойнау», - дейді. Мұхаммедсаид қай рөлді ойнаса да, шынайы өмірдей сендіріп, нандырып ойнайды. Ойнамайды, өмір сүреді.
Актердің әр жанрдағы актерлік шеберлігі, дайындық барысындағы ізденісі, көрермен алдындағы талпынысы, бүгінгі таңдағы көп актерлерге үлгі. Сахнада өзінің бейнесін сыртқы және ішкі жан-дүниелеріне терең бойлап, жанын салып, темпераментін аямайтын өнер иесі. Міне, талантты актер Мұхаммедсаид Бағашаровтің актерлік өнері, Юрий Узипенкосы осындай!
Бахтияр Тұрсын
Театртанушы
Abai.kz