Қазақстан спортшылары қандай жарыстарға қатысады?
ҚР Спорт және туризм министрлігі 27 сәуір – 3 мамыр аралығында өтетін спорт жарыстарының кестесін жариялады.
27 сәуір – 1 мамыр – ауыр атлетикадан халықаралық турнир Қазақстан құрамасынан 5 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Апиа қ. (Самоа)
28 сәуір – 10 мамыр – үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты Қазақстан құрамасынан 10 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Лондон қ. (Ұлыбритания)
30 сәуір – 3 мамыр – конкурдан Әлем кубогі кезеңі Құрама сапынан 7 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Ташкент қ. (Өзбекстан)
30 сәуір – 3 мамыр – көркем жүзуден Әлем кубогінің 3-кезеңі Қазақстаннан 15 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Сиань қ. (Қытай)
30 сәуір – 3 мамыр – семсерлесуден (рапира, ерлер мен әйелдер) Әлем кубогі Ел намысын 3 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Ыстамбұл қ. (Түркия)
1-3 мамыр – дзюдодан Grand Slam турнирі Жарыста отандық 11 спортшы белдеседі.
Өтетін орны: Душанбе қ. (Тәжікстан)
1-3 мамыр – семсерлесуден (сапы, ерлер мен әйелдер) «Гран-при» турнирі Құрама сапынан 4 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Инчхон қ. (Оңтүстік Корея).
Ел намысын қорғайтын спортшыларымызға сәттілік серік болсын!
Abai.kz