Сейсенбі, 28 Сәуір 2026
Жаңалықтар 93 0 пікір 28 Сәуір, 2026 сағат 14:23

Талғарда кісі бопсалағандар қамауға алынды

Сурет: inbusines.kz сайтынан алынды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Алматы облысында бопсалау және қарақшылық жасады деген күдікпен бір топ адам қамауға алынды, деп хабарлайды полиция департаменті баспасөзі.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 16-сынан 17 сәуірге қараған түні Талғар ауданында күдіктілер 28 жастағы азаматты алдын ала жоспар бойынша адам аз жүретін жерге алдап шақырған.

"Кейін пышақпен қорқытып, күш қолдану арқылы дене жарақатын келтіріп, таулы аймаққа күштеп алып кеткен. Олар жәбірленушіні құқық қорғау органдарына оның заңсыз әрекеттері туралы жалған ақпарат таратамыз деп қорқытып, 10 миллион теңге талап еткен", – деп хабарлады полиция департаменті. 

Сондай-ақ, құны шамамен 17 миллион теңге болатын автокөлігін кепіл ретінде алып қойған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Abai.kz

0 пікір