Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1007 0 пікір 4 Мамыр, 2026 сағат 14:24

Павлодарда білім саласы қызметкерлерінің деректері қолды болған

Сурет: OKG.KZ сайтынан алынды.

Облыстық прокуратура Павлодарда жеке деректердің таралуына тосқауыл қойды, деп хабарлайды.

Мемлекеттік сатып алу порталында облыс орталығындағы мектептердің медициналық тексеру бойынша қызметтерді сатып алуы туралы хабарландырулар орналастырылды.

Бұл ретте 28 білім беру ұйымдарымен конкурстық құжаттамада өз қызметкерлерінің дербес деректерін, яғни олардың сауалнамалық деректері, тұрғылықты мекенжайлары, телефон нөмірлері көрсетілді.

Жеке деректердің еркін қолжетімділігі еңбек заңнамасының нормаларын бұзумен қатар, оларды алаяқтық мақсатта пайдалану қаупін туындатады.

— Павлодар қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша білім беру саласының 2 065 қызметкерінің дербес деректері ашық көздерден алынып тасталды, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған шаралар заңдылықты қалпына келтіруге, анықталған бұзушылықтарды жоюға және азаматтардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді, — делінген Павлодар облысы прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 465
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1718
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 433
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 413