Сейсенбі, 5 Мамыр 2026
109 0 пікір 5 Мамыр, 2026 сағат 14:20

Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Жеңіс күні қарсаңында Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден біржолғы төлем берілді. Қазіргі таңда өңірде алты соғыс ардагері тұрады: олардың бесеуі Қарағанды қаласында, біреуі Осакаров ауданында тұрады.

Жалпы әлеуметтік қолдау шараларымен өңірдің 2,1 мыңнан астам тұрғыны қамтылды.

Көмек алушылардың басым бөлігін тыл еңбеккерлері құрады. Облыста мұндай санаттағы 2029 адамға 100 мың теңгеден біржолғы төлем жасалды.

Сондай-ақ әлеуметтік қолдау келесі санаттағы азаматтарға көрсетілді:

* концлагерьдің бұрынғы тұтқындары мен қоршаудағы Ленинград тұрғындарына — 200 мың теңгеден (33 адам);

* қаза тапқан жауынгерлердің жұбайлары мен жесірлеріне — 50 мың теңгеден (89 адам).

Бұдан бөлек, ардагерлер үшін шипажай-курорттық ем алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл шығындар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1591
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1349