Сейсенбі, 12 Мамыр 2026
Жаңалықтар 86 0 пікір 12 Мамыр, 2026 сағат 14:46

«Қазмырыштағы» жарылыс: Тағы бір адам қайтыс болды

Сурет: flashpress.kz сайтынан алынды.

Өскемендегі «Қазмырыш» зауытындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды.

Бұл қаралы хабарды компания өкілдері мәлімдеді. «Қазмырыштың» ақпараты бойынша, жарылыс кезінде зардап шеккен жұмысшылардың бірі көз жұмды.

«Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Компания қаза тапқан қызметкердің жақындарына және барлық қызметкерлерімізге қажетті қолдау көрсетіп жатыр», — деп хабарлады «Қазмырыш».

Кәсіпорын өкілдері Өскемендегі металлургиялық кешеннің мырыш және қорғасын зауыттарында қуаттылықтың уақытша төмендеуімен жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2557
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1775