Жұма, 15 Мамыр 2026
Жаңалықтар 135 0 пікір 15 Мамыр, 2026 сағат 16:56

Түркістандағы жаңа мешіт - Өзбекстанның сыйлығы

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Түркістандағы жаңа мешітке барды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев екі ел арасындағы бауырластық қарым-қатынастар мен рухани ынтымақтастықтың символына айналған жаңа мешітті аралап көрді. Мемлекет басшыларының қатысуымен орталық құлшылық ету залында Құран аяттары оқылды.

Мешіт Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға жасаған сыйлығы ретінде салынған. Нысанның архитектурасы ислам сәулет өнерінің дәстүрлері мен заманауи құрылыс технологияларын ұштастырады. Қасбеті (фасады) мен ішкі көрінісі ұлттық ою-өрнектермен және мұсылман каллиграфиясының элементтерімен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі — 61 метр. Іргелес аумақта көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жарықтандыру жүйелері орнатылған, сондай-ақ демалыс аймақтары мен субұрқақтар жабдықталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2773
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1885