Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
2026 жылғы 16 мамырда Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығы базасында Kazakh SpineDays 2026 халықаралық жұлын нейрохирургиясы бойынша білім беру курсы ашылды. Бұл — Орталық Азиядағы жұлын нейрохирургиясы саласындағы ең ірі кәсіби іс-шаралардың бірі.

Сурет: шара ұйымдастырушыларынан алынды.
Екі күн бойы Қазақстанның өңірлерінен және шетелден келген жетекші нейрохирургтер, омыртқа хирургиясының мамандары, зерттеушілер мен жасдәрігерлер омыртқа ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін, жоғары технологиялық хирургиялық әдістерді енгізу және халықаралық кәсіби ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауда.

Сурет: шара ұйымдастырушыларынан алынды.
Алғашқы күні 100-ден астам қатысушы тіркелді. Олардың басым бөлігі Қазақстанның өңірлерінен келген мамандар болса, сондай-ақ іс-шараға Түркия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және Қытай елдерінен сарапшылар қатысуда.
Қатысушыларды ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов құттықтап, мұндай халықаралық білім беру алаңдарының отандық медицинасының дамуына зор серпін беретінін атапөтті. Ол Астана қаласы мен Ұлттық нейрохирургия орталығының әлемдік деңгейдегі мамандарды қабылдауы — денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы жүйелі жұмыстың нәтижесі екенін жеткізді.

Сурет: шара ұйымдастырушыларынан алынды.
Қазақ нейрохирургтар ассоциациясының жәнеҰлттық нейрохирургия орталығының президенті, еліміздің бас штаттан тыс нейрохирургі, ҚР ҰҒА академигі Серік Ақшолақов жұлын нейрохирургиясын дамыту Қазақстан медицинасының стратегиялық бағыты екенін атап өтті.
Конференцияның негізгі халықаралық спикерлерінің бірі — профессор Mehmet Zileli (Нейрохирургиялық қоғамдардың дүниежүзілік федерациясы (WFNS) Жұлын нейрохирургиясы комитетінің негізін қалаушы және алғашқы төрағасы, WFNS-тің құрметті мүшесі). Ол «Белауырсыну көздерін диагностикалау» атты баяндамасында омыртқа патологияларын, әсіресе дегенеративті ауруларды анықтау және ауырсынудың нақты себебін табудың заманауи тәсілдеріне тоқталды.
Профессордың айтуынша, хирургиялық емніңсәтті нәтижесі тек операцияның техникалық сапасына ғана емес, сонымен қатар дұрыс диагноз қою мен науқасты операцияға дұрыс іріктеуге тікелей байланысты.
«Дұрыс алынған пациент — операцияның табысты нәтижесінің және қазіргі әлемдік нейрохирургиядағы қауіпсіздік қағидаларының негізгі факторларының бірі», — деді профессор Mehmet Zileli.
Сондай-ақ ол Қазақстандағы жұлын нейрохирургиясы деңгейінің жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, клиникалық тәсілдер, жабдықталу деңгейі және орындалатын операциялар әлемнің жетекші орталықтарымен толықтай сәйкес келеді.
Профессор Ұлттық нейрохирургия орталығы бүгінде халықаралық деңгейдегі оқу және тренинг базасы ретінде қалыптасқанын, мұнда жас мамандарды оқытуға және әлемдік қауіпсіздік стандарттарын енгізуге ерекше көңіл бөлінгенін айтты.
Ол курс аясында халықаралық сарапшылардың негізгі мақсаты — Қазақстанның өңірлерінен келген жас дәрігерлерді оқыту, тәжірибе алмасу және жұлын нейрохирургиясы бойынша практикалық дағдыларды дамыту екенін де атапөтті.
Омыртқа хирургиясы саласындағы мамандарды біріктіретін International Spine Society (ISS) халықаралық қоғамының президенті - YahyaGüvenç өз сөзінде халықаралық тәжірибе алмасумен білім беру бастамаларының жұлын нейрохирургиясының дамытудағы рөлін ерекше атап өтті.
Курс аясында Hands-on Workshop on Models форматындағы практикалық сабақтарға ерекшеназар аударылды. Қатысушылар анатомиялық үлгілер мен симуляциялық модельдерде хирургиялық дағдыларды жетілдіруде.
Ғылыми бағдарлама омыртқа хирургиясының өзекті бағыттарын қамтиды: дегенеративті ауруларды емдеу, деформацияларды түзету, жұлын жарақаттарын емдеу, ісіктер хирургиясы және дәлелді медицинаны енгізу.
Kazakh Spine Days 2026 — тәжірибе алмасуға, кәсіби диалогқа және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды.
Abai.kz