Бейсенбі, 21 Мамыр 2026
Жаңалықтар 84 0 пікір 21 Мамыр, 2026 сағат 14:38

Депутат: Индустрия-логистика хабын дамыту маңызды!

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметінен алынды.

Бүгін Парламент отырысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әбутәліп Мутәлінің Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың атына Қазақстанда индустрия-логистика хабын дамыту жөнінде депутаттық сауал жолдады.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Н.М. Нәлібаевқа 

Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауларында Қазақстанды Еуразияның негізгі транзиттік хабына және толыққанды көлік-логистикалық державаға айналдыру қажеттігін бірнеше рет атап өткен.

Бүгінгі таңда Қазақстан транзит көлемін арттыруда: Транскаспий бағдары дамуда, темір жол, автомобиль, теңіз және авиация дәліздері жаңғыртылуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша транзит көлемі 36,9 млн тоннаға жеткен.

Сонымен қатар Қазақстанның халықаралық транзит саласында айтарлықтай өсу әлеуеті бар.

Қазіргі уақытта біз жаһандық тасымалдаудан миллиардтаған доллар жоғалтып жатырмыз.

Біздің еліміз халықаралық транзит үшін жай ғана «дәліз» болып қалдыруға болмайды.

Біздің стратегиялық міндет – «дәлізге өндіріс, цифрлық сервистер және экспортты қосып» қосымша құнды қалыптастыру моделіне көшу болу керек.

Бұл тәсіл еліміздің табысын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.

Іске асырылып жатқан бастамалар мысалы Smart Cargo, логистикалық паспорт, инфрақұрылымның цифрлық көшірмесі, қағазсыз құжат айналымы бәру әралуан сипатқа ие және бірыңғай индустриялық-логистикалық экожүйені қалыптастырмайды.

Халықаралық тәжірибе бәсекеге қабілеттілік транзитпен емес, оның айналасындағы қосылған құнды қалыптастырумен қамтамасыз етілетінін растап отыр. Мысалы, Джебель-Али порты (БАӘ), Туас порты (Сингапур) және Дуйсбург порты (Германия) индустриялық-логистикалық экожүйе ретінде жұмыс істейді, мұнда жүктерді өңдеу, жинау, қаптау, таңбалау, сертификаттау, олардың сервисі мен кері экспорты жүзеге асырылады.

Цифрлық ашықтыққа да ерекше назар аудару қажет: кәсіпкерлердің жолдағы жүктердің қай жерде екенін көруге  толық қолжетімділігі жоқ, ал басқа секторларда мысалы, пошта жөнелтілімдері мұндай мүмкіндіктер бар.

Сондай-ақ төлемдерді алдын ала цифрлық есептеу моделіне көшіру ұсынылады, мұнда кәсіпкер жүк келгенге дейін оның толық құнын – салықты, бажды, алымды, логистикалық шығыстарды төлейді, және ресімдеу мерзімдері мен ықтимал тәуекелдерді көреді.

Сонымен қатар қазыр бар құралдар — Еркін экономикалық аймақ, индустриялық аймақтар, көлік дәліздері мен цифрлық шешімдер қайтадан бытыраңқы дамып, индустриялық-логистикалық хабтардың бірыңғай моделіне біріктірілмегенін атап өткен жөн.

Қолданылып жүрген тәсілдер сақталса, қосымша құн қалыптастырылмай транзиттік қана мемлекет болып қалып, өнеркәсіптік өсім мен экспорт әлеуетінен қапы қалу тәуекелі сақталады.

Басқаша айтқанда, бұл транзит арқылы құрылуы мүмкін мыңдаған жұмыс орындар. Бұл жаңа салықтар, жаңа құзыреттер.

Халықаралық транзитті дамытуға, жолдарға, инфрақұрылымға бөлінетін миллиардтаған бюджет қаражаты еліміздің игілігі үшін толық көлемде жұмыс істеуге тиіс.

Осыған байланысты Үкіметке:

  1. Еркін экономикалық аймақтарды, индустриялық аймақтарды және логистикалық орталықтарды, олардың өңірлік ерекшеліктерін біріктіре отырып, индустриялық-логистикалық хабтардың арнайы реттеушілік режимін енгізуді;
  2. Толық цифрлық интеграцияны Smart Cargo, «бір терезе», логистикалық паспорт, жүктер трекингі және электрондық тасымалдау құжаттарын қамтамасыз етуді;
  3. Жүктер келгенше барлық төлемнің алдын ала цифрлық есептемесін автоматты түрде салыстыра отырып ендіруді;
  4. Еркін экономикалық аймақтар мен логистикалық объектілердің ревизиясын жүргізуді және Хабтарды дамытудың 2035 жылға дейінгі ұлттық бағдарламасын KPI-мен бірге әзірлеуді;
  5. Үкімет жанында бірыңғай үйлестіруші орталықты айқындауды және тасымалдардың халықаралық цифрлық интеграциясын қамтамасыз етуді ұсынамын.

Аталған шараларды іске асыру транзиттік модельден көлік-логистикалық салада қосылған құн экономикасын қалыптастыруға көшуге мүмкіндік береді.

Қабылданған шаралар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жазбаша түрде ақпарат беруіңізді сұраймын.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Әбутәліп Мутәлі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2998
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2099