Бейсенбі, 21 Мамыр 2026
Жаңалықтар 80 0 пікір 21 Мамыр, 2026 сағат 14:55

Әскерилердің жалақысын 3 есе арттыру ұсынылды

Сурет: e-history.kz сайтынан алынды.

Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасында төтенше жағдайларды жоюға, терроризмге қарсы операцияларға және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге тартылатын әскери қызметшілерге үш еселенген мөлшерде ақшалай қамтамасыз ету төлеу ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы депутат Олжас Құспеков мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, жаңа төлем Қарулы Күштер мен Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне қатысты болады.

– Бұл ұсыныс тәуекел деңгейінің жоғары болуына, психологиялық және физикалық жүктеменің көптігіне, сондай-ақ ерекше қызмет жағдайларына байланысты енгізіліп отыр, – деді Олжас Құспеков.

Оның сөзінше, ұсынылып отырған тетік әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге және маңызды міндеттерді орындау кезіндегі материалдық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған.

Депутат бұл бастама 2025 жылғы 19 желтоқсанда Республикалық бюджет комиссиясы тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2998
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2099