Жұма, 22 Мамыр 2026
Жаңалықтар 103 0 пікір 22 Мамыр, 2026 сағат 13:07

Биыл қанша қазақстандық қажыға барады?!

Сурет: muftyat.kz сайтынан алынды.

Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған миссия өкілдері Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспановпен кездесті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы мәлім етті.

Кездесу барысында тараптар биылғы қажылық маусымындағы ұйымдастыру жұмыстары, қазақстандық қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету және олардың сапарын барынша ыңғайлы ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты талқылады.

Өз кезегінде Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов қасиетті сапарға келетін отандастарымызға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Биыл 4000 отандасымыз қажылық парызын өтейді. Оларға конкурстан өткен 14 туркомпания қызмет көрсетеді. Миссия тарапынан қажылықты ұйымдастыру жұмыстары толық бақылауға алынған.

Биылғы қажылық маусымы 15 мамыр — 5 маусым аралығында өтеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 3041
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2148