Сенбі, 30 Мамыр 2026
318 0 пікір 30 Мамыр, 2026 сағат 17:12

Көкшетауда «Aqmola Urban Forum» аумақтарды реновациялаужәне кешенді дамыту жөніндегі республикалық форумы өтті

Сурет: nur.kz сайтынан алынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысыныңәкімімен кездесуі барысында өңірдің кезекте тұрған азаматтар мен әлеуметтік осал топтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етубағытындағы оң тәжірибесін ерекше атап өткен болатын. Президент облыста жүзеге асырылып жатқан реновация бағдарламасын тиімді әріүлгілі тетік ретінде бағалап, оны республика көлемінде кеңінен енгізуқажеттігін айтты.

Президенттің жоғары бағасы бүгінде нақты жалғасын тауып, Көкшетау еліміздің басты диалог алаңына айналды. Қалада өткенауқымды «Aqmola Urban Forum»форумында жетекші сарапшыларАқмола облысының тәжірибесі қазақстандық қалалардың даму философиясын қалай өзгертетіні жөнінде жан-жақты талқылады.

Екі күнге созылған шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген120-дан астам урбанист, құрылысшы, инвестор және салалықведомстволардың басшылары қатысты. Форумның алғашқы күніАстанада басталып, бүгін Көкшетауда жалғасты.

Пленарлық отырыс барысында реновацияның практикалықтетіктері, инвесторлармен өзара іс-қимыл және аумақтарды кешендідамыту тәсілдері кеңінен қарастырылды. Семинар Мемлекетбасшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындаабаттандыру нысандарын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іскеасыруға бағытталған. Сонымен қатар энергия тиімділігін арттыру, нүктелік құрылыстан кешенді кварталдық жоспарлауға көшумәселелеріне ерекше назар аударылды.

Форум ұйымдастырушыларының айтуынша, Ақмола облысыныңреновация және қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту саласындағыжетістіктері бұған дейін Президент тарапынан жоғары бағаланған. Өңірдің тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар мен әлеуметтік осалтоптарды баспанамен қамту жөніндегі тәжірибесі жүйелендіріліп, 2026–2027 жылдарға арналған жол карталары аясында пайдалануүшін барлық өңірлерге ресми әдістемелік ұсыным ретінде жолданған.

Форум қатысушыларына Урбанистика орталығы мен «Қазақстантұрғын үй компаниясы» АҚ бірлесіп жүзеге асырып жатқан, инженерлікжелілерді алдын ала жобалауға негізделген тұтас шағынаудандардыкешенді салу моделі таныстырылды. Сондай-ақ өңірлік бағдарламаныңэкономикалық тиімділігі көрсетілді: мемлекет тарапынан небәрі 702 млн теңге көлемінде бастапқы қаражат бөлініп, соның нәтижесіндереновация жобаларына 38 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тартылған.

«Біз бұл тәжірибені тек теориялық емес, практикалық тұрғыданда көрсеткіміз келеді. Өңірлерден келген сәулет басқармаларыныңөкілдері мен профильдік бөлімшелердің басшылары іске асырылғанжобалармен тікелей танысып, Көкшетаудың үздік тәжірибелерін өзжұмыстарына енгізе алады. Әсіресе құрылыс нысандарынреновациялау мен энергия тиімді технологияларды енгізубағытындағы тәжірибе үлкен қызығушылық тудырып отыр. Ақмолаоблысы осындай жобаларды іске асыру бойынша Германияның DENA компаниясымен ынтымақтастық орнатқан алғашқы өңірлердің біріболды. Бұл тәжірибені бүкіл республикаға таратуды көздеп отырмыз», – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов.

Форумның практикалық бөлігінде аралық қорытындыларжарияланды. Бүгінгі күні өңірде 209 пәтерден тұратын 23 ескі ғимаратсүріліп, олардың орнына 763 пәтерлік 10 жаңа тұрғын үй кешенісалынды. Апатты тұрғын үй қорындағы 248 меншік иесі жаңабаспанамен қамтамасыз етілді.

Биыл 11 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жоспар бойыншашамамен 70 ескі үй сүріліп, азаматтарды көшіру үшін 1200 жаңа пәтерпайдалануға беріледі. Бағдарламаның 2030 жылға дейінгі ұзақмерзімді мақсаты – 250 апатты ғимаратты бұзып, 18 мыңнан астамтұрғынның баспана жағдайын жақсарту.

Ақмола облысының тәжірибесінің ерекшелігіелімізде алғаш ретреновация бағдарламасының облыс орталығынан тыс жерлерге де кеңінен енгізілуі. Қазіргі уақытта мұндай жобалар Атбасар, Қосшықалаларында, сондай-ақ Бұланды және Аршалы аудандарында жүзегеасырылуда. Құрылыс барысында «GLB Үй құрылысы комбинатының» технологиялары мен Германияның DENA компаниясыныңстандарттары қолданылады.

Өңір заманауи стандарттарды енгізу арқылы энергия тиімділігіне, LED-жарықтандыру жүйелерін кеңінен пайдалануға және әлеуметтікинфрақұрылымды дамытуға басымдық беруде. Көкшетауда жаңаурбанистикалық көзқарастың нақты нәтижесі ретінде бірыңғай дизайн-код енгізіліп, ерекше көркем муралдар пайда болды. Сонымен қатарқаланың маңызды нысандарын біріктіретін, тұрғындар мен қонақтарүшін жайлы әрі үйлесімді жасыл экожүйе қалыптастыратын ауқымды«Көк Шалғын» жобасы іске асырылуда.

Пленарлық отырыстың қорытындысында Ақмола облысыныңәкімі Марат Ахметжанов урбанистика саласындағы жетістіктер мен өңірдегі құрылыс қарқынының артуы қуатты инвестициялық жәнеэкономикалық негізге сүйенетінін атап өтті. Оның айтуынша, іріқұрылыс жобаларының іске асырылуы облыстың құрылыс саласынеліміздегі құрылысшылардың еңбекақысы ең жоғары деңгейдегіөңірлер қатарына шығарды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 3383
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2488