Сейсенбі, 7 Шілде 2026
Жаңалықтар 128 0 пікір 7 Шілде, 2026 сағат 13:35

Қырғызстан Қазақстаннан жанармай сұрады...

Сурет: exclusive.kz сайтынан алынды.

Министрлікте Қырғыз Республикасының бензин жеткізу туралы сұранысы қарастырылып жатыр. Көрші ел Қазақстанға жанармай жеткізуге қатысты ресми сұраныс жолдады.

Бұл туралы энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді. Журналистер одан Ресей мен Қырғызстандағы бензин тапшылығы, сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары аясында көрші елдер жанармай сұраса, Қазақстанның қалай әрекет ететінін сұрады.

Тұтқышбаев Ресейден Энергетика министрлігіне ресми сұраныс түспегенін еске салды. «Қырғыз тарапынан ресми сұраныс түсті, қазір оны қарастырып жатырмыз. Бірақ барлық шешімдер ұлттық мүдделерді және ішкі теңгерімді ескере отырып қабылданады. Сұраныстарды қанағаттандыру ел ішіндегі бағаның өсуіне әкеп соқпайды, мұны сіздерге ресми түрде мәлімдеймін», — деп түсіндірді шенеунік.

Оның айтуынша, Қырғыз Республикасының сұранысы жақын арада қаралып, содан кейін қазақстандық тарап жауап береді.

Abai.kz

0 пікір