Құқық қорғаушылар ма, әлде шетелдік қаржыландыру ма?
ҚХП фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамовтың Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға шетелдік көздерден қаржыландырылатын шетелдік агенттерді реттеу шаралары туралы депутаттық сауалы жолдады. Біз аталған депуттаттық сауалдың толық нұсқасын оқырман талқысына ұсынамыз.
Бұған Мемлекеттік кірістер комитетінің шетелдік көздерден қаржыландыру алатын жеке және заңды тұлғалардың жаңартылған тізілімін жариялауы себеп болды. Онда алғаш рет қаржы алушылар ғана емес, бөлінген қаражат көлемімен оның қайдан түскені туралы мәліметтер де көрсетілген.
Депутаттың айтуынша, 2025 жылдың екінші жарты жылдығында ғана Қазақстанға шетелдік көздерден 12 млрд теңгеден астам қаржы түскен.
– Аталған қаражаттың едәуір бөлігі өздерін құқық қорғау, медиа және сараптамалық ұйымдар ретінде таныстыратын, қоғамдық-саяси күн тәртібін қалыптастыруға қатысатын құрылымдарға бағытталған, – деді Магеррамов.
Сонымен қатар депутат қолданыстағы тізілім шетелдік қаржыландыру туралы тек жалпы мәлімет беретінін айтты.
– Тізілімде тек қаржы көлемі мен бастапқы алушылар ғана көрсетілген. Алайда нақты қандай жобалар қаржыландырылғаны, қаржының қандай мақсатқа бөлінгені, қаражаттың қалай бөлінгені және түпкілікті орындаушылар туралы ақпарат жоқ. Соның салдарынан қоғам мен мемлекеттік институттар бұл қаражаттың қалай пайдаланылып жатқанын және шетелдік қаржыландыру есебінен қандай жобалар жүзеге асырылып жатқанын толық бағалай алмай отыр, – делінгендепутаттық сауалда.
Депутаттар не ұсынады?
Депутаттар жарияланатын мәліметтерді кеңейтуді ұсынады. Атап айтқанда, шетелдік қаражат есебінен іске асырылатын жобалар туралы ақпаратқа нақты жобалар мен бағдарламалар, қаржыландырудың мақсаты мен бағыты, жобаларды жүзеге асыратын ұйымдар мен орындаушылар, бастамаларды іске асыруға қатысатын тұлғалар және жобалардың нәтижелері туралы мәліметтер енгізілуі тиіс.
Депутаттардың пікірінше, бұл қоғамға шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын жәнеолардың қандай нәтиже беріп отырғанын жақсырақ түсінугемүмкіндік береді.
– Біз үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне тыйымсалуды ұсынып отырған жоқпыз. Мәселе – ашықтықты арттырып, қоғамның хабардарлығын күшейту, – дедіМагеррамов.
Ашықтық пен қоғамдық бақылау мәселесі
Депутаттық сауалда шетелдік қаржыландыру тақырыбы бүгінде қоғамның ерекше қызығушылығын тудырып отырғаны айтылған. Өйткені ол медиа, сараптамалық талдаужәне азаматтық бастамалар саласында жұмыс істейтін ұйымдардың қызметіне қатысты.
– Қазіргі сын-қатерлер жағдайында ашықтық қоғамның сенімін нығайту және ұлттық мүддені қорғау үшін маңызды мәнге ие, – деп атап өтті депутат.
Осыған байланысты парламентарийлер Үкіметке шетелдік қаржыландыруды есепке алудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру мүмкіндігін қарастырып, есептілікті кеңейтудің ықтимал тетіктері туралы ақпарат беруді ұсынды.
Abai.kz