Сәрсенбі, 8 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 709. Жазылғандар — 54. Қайтыс болғандар — 7
Жаңалықтар 1547 0 пікір 2 Қараша, 2009 сағат 07:24

Cаяси тұтқын

«Айтпасаң сөздің атасы өледі» деген мақал бар. Ал, бүгін біздің кеудемізде қыж-қыж қайнап, су бетіне шықпаған, шығармаған соң сөздің неше атасы ішімізде қойша қырылып жатыр-ау. Дәлел жоқ емес. Халықаралық республикалық институт Қазақстанның бес облысында және Астана қаласында ел ішінде сауалнама жүргізіпті. Отыз бес сауалдың бірі «Қазақстанда адамдар өздерінің саяси көзқарасын ашық айта ала ма, жоқ па?» деген сауалға жауап берген азаматтардың Астана қаласы бойынша - 34 пайыз, Ақмола облысы бойынша - 38 пайыз, Қарағанды облысы бойынша - 30 пайыз, Қостанай облысы бойынша - 31 пайыз, Кереку облысы (Павлодар) бойынша - 34 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 42 пайыз респонденттер халықтың саяси көзқарасын ашық білдіруге өлердей қорқатынын айтып салған. Бұл әлеуметтік көгенге байланған жұрттың аузымдағымнан айрылып қалмайын дегені ме, әл де молаға қарай жүгірмейін дегені ме? Бір анығы дәл қазір елдің ашық ой-пікірі мен көзақарасы саяси тұтқын. Біздің ше, бұл үрейдің түп бастауы әрі де жатыр. Алдағы уақытта осы тақырыпты қаузайтын боламыз.

Сіз қорқасыз ба? Неге?

«Абай-ақпарат»

0 пікір