Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1489 0 пікір 2 Шілде, 2026 сағат 17:03

Алматы облысы: Төтенше жағдай режимі жарияланды

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Алматы облысы Қарасай ауданындағы карьер аумағында топырақ жылжуына байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Қарасай ауданында қалыптасқан жағдайға байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл шара қажетті жұмыстарды жедел жүргізуді және жұмылдырылған қызметтердің іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – делінген бейсенбі күнгі хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, сағат 06:50 шамасында Жаңатұрмыс ауылындағы «Ақсай карьері» ЖШС аумағында Ақсай өзені жағалауының шайылуы салдарынан карьердің солтүстік-батыс бөлігінде топырақ жылжыған.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жақын маңда орналасқан 9 жеке үйдің тұрғындары уақытша қауіпсіз жерге көшірілді. Мамандар аумақты тексеріп, жағдайды тұрақтандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Салдарды жоюға 19 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылғаны атап өтілді. Алматы облысының басқа аудандарында жағдай тұрақты. Жұмыс барысы облыс әкімі мен бейінді мемлекеттік органдардың бақылауында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1404
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2983
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1050
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 987