Бейсенбі, 16 Шілде 2026
Жаңалықтар 218 0 пікір 16 Шілде, 2026 сағат 12:35

Украинада Үкімет ауысып жатыр...

Сурет: inbusines.kz сайтынан алынды.

Украина президенті Владимир Зеленкский Жоғары Радаға премьер-министрді өзі ұсынды.

Оның шешімімен, министрлер кабинетін Сергей Корецкий басқаруы тиіс. Бұл туралы украиналық парламент спикері Руслан Стефанчук мәлімдеді.

Зеленский мұндай ауыс-түйісті мемлекеттік стратегияның өзгеруімен байланыстырды. Премьер-министр лауазымына 4 адам үміткер ретінде ұсынылды. Олар: Украина энергетика министрі Денис Шмыгаль, қорғаныс министрі Михаил Федоров, Харьков қаласының мэрі Игорь Терехов және Сергей Корецкий бар. Соңғы кандидат бұған дейін "Нафтогаз" басқарма төрағасы болды.

Зеленскийдің мәлімдеуінше, кеңесулерден кейін премьер-министр лауазымына ең лайықтысы Сергей Корецкий деп шешкен.

Жоғарғы Рада жаңа үкімет басшысын бекітуге және министрлер кабинетінің жаңа құрамына 16 шілдеде дауыс береді. Іс жүзінде үкіметтің толық құрамы белгілі. Ең маңызды өзгеріс – қорғаныс министрі Михаил Федоровтың қызметінен шеттетілуі.

Айта кетейік, 14 шілдеде Украина Жоғарғы Радасы премьер-министр Юлия Свириденконың отставкасын қолдап, министрлер кабинетін таратты.

Abai.kz

0 пікір