Сейсенбі, 28 Маусым 2022
Жаңалықтар 7862 0 пікір 3 Қараша, 2009 сағат 06:24

«Кенесары ханның басы мен денесi қосылмайынша, қазақтың да басы қосылмайды!»

Редакциямызға арнайы хат түстi. Әдетте, мұндай хаттар ҚР президентi Н.Ә.Назарбаевтың не болмаса ҚР премьер-министрi Кәрiм Мәсiмовтiң атына бағытталатын. Ал бұл хат қазақ зиялыларына бағытталыпты. Үндеу ретiнде. Үндеу-хаттың астына 30-дан астам зиялыларымыз (Тоқтар Әубәкiров, Сапабек Әсiпов, Ғаббас Қабышұлы және тағы басқалар) қол қойыпты. Хаттың көлемi өте үлкен. Ендi бiз осы хатты қысқартып, ықшамдап, оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдiк:

«...Осыдан бiраз жыл бұрын Қазақстанның беделдi, сыйлы азаматтары мен ақсақалдары ҚР президентi Н.Ә.Назарбаевтың және Ресейдiң бұрынғы прези­дентi В.Путиннiң атына хат жазып, Кенесары ханның денесi мен басын тауып, оны құрметпен қайта жерлеу жөнiнде ұсыныс тастады. Бұдан бiраз уақыт өткеннен соң саясатшылар, жазушылар, ғалымдар (ұзын саны - 99 адам) тағы да ҚР президентiнiң атына осы мәселе бойынша қайта хат жазды. Әзiрге бұлардан ешқандай нәтиже болмай тұр...

Ел қорғаған, қазақтың елi мен жерiн қорғаған хандар мен батырларды құрметтей бiлмеу - күнәһарлық. Иә, барып тұрған күнәһарлық. Мәселен, дағыстандықтар не iстедi? Кремльге қайта-қайта ұсыныс жасап жүрiп имам Шәмiлдiң сүйегiн Дағыстанға әкеп жерледi. Бұл ретте Ресей зиялылары да көп iс тындырды. Ал бiз ше?

Тарихшы-ғалымдардың айтуы бойынша, Кенесары ханның денесi шекараның маңында (Қаракемерден онша алыс емес жерде) жатыр, ал басы... Ханның басы Ресейде екенi, Ресейдiң арнаулы орындарының бiрiнде екенi мәлiм. Қазiр ел арасында мынадай сөз жиi айтылып жүр: «Кенесары ханның басы мен денесi қосылмайынша, қазақтың басы да қосылмайды!»

Шын мәнiнде, Кенесары ханның басы мен денесiн тауып, оны құрметтеп қайта жерлеу - бiздiң аруақтардың және ұрпақтарымыздың алдындағы парызымыз ғана емес, сонымен бiрге бұл - халқымызды дүр сiлкiндiретiн, оның рухын оятатын iрi шара да болмақ. Қазiр Қазақстанда кiм көп, тоғышарлар мен мәңгүрттер көп. Тарихымызға, тiлiмiзге, дәстүрiмiзге, ұлттық өнерiмiзге бейжай қарайтын салғырттар көп. Кенесары ханның басы мен денесiнiң қосылуы - осы тоғышарлар мен салғырттардың да санасының оянып, олардың айналасына бейжай қарамауға игi әсерiн тигiзетiнi сөзсiз. «Құдай - мiнсiз, аруақ - үнсiз» дейдi қазақ. Ар­уақтар бәрiн үнсiз бақылап-көрiп жатады. Аруақтарға шет болмас үшiн де бiз Кенесары ханның сүйегi мен басын қайткен күнде де, қандай жолмен болса да та­уып, оны Ұлытаудың етегiне, Алаша хан мен Жошы ханның жанындағы қасиеттi де киелi жерге жерлеуiмiз керек. Бұл iс, бұл тiрлiк - баршамызға сын.

Кез келген халықтың өрлеуi, өркендеуi арылудан басталады. Әсiресе, аруақтардың алдындағы арылудан. «Өлi риза болмай, тiрi байымайды», «Атаңа не iстесең, алдыңа сол келедi» деп бекер айт­паған қазақ. Халқымыздың «Құ­дай оңдасын, Әруақ қолдасын!» деуiнде де мән бар. Өйткенi, олар үшiн өткен (аруақ) мен болашақ (ұрпақ) - бiртұтас.

А.Яссауи қорымына жерленген Есiм хан, Абылай хан, Жәңгiр хан, Бөгенбай батыр, Жәнiбек-тархандардың да сүйегiн қайта та­уып, нақтылап (ДНК-анализ арқылы), оларды қайта жерлеудi ұйымдастыруымыз керек. Тарихқа назар аударғанда, олардың «ақ­сүйек», «қарасүйек», не болмаса «ұлы жүз», «орта жүз», «кiшi жүз» екенiне емес, халыққа қаншалықты адал әрi берiле қызмет етке­нiне жете көңiл бөлiнгенi жөн.

...Халықтың қаржысына, халықтан жиналған қаржыға «Тә­уелсiз Қазақстан үшiн қан төккен ерлердiң қабiрстаны (пантеон)» деген арнаулы орын даярланып, ол жерде кешегi Жұмабай Тәшеновтен бастап Желтоқсан батырларына дейiн еске алынса, бұл да ке­йiн­гi ұрпаққа үлкен өнеге, зор тағлым болар едi.

Ең жаман нәрсе жадысыздықтан туатын жауапсыз нәрсе - әрекет­сiздiк. 1920-30 жылдардағы аштықта қазақ хал­қының жартысынан астамы қырылып қалса да, бiздiң бұл нәубетке әлi күнге де­йiн саяси баға бере алмай отыруымыз да - осы әрекетсiз­дiк­тен. Ендi шегiне­тiн жер қалған жоқ. Бiз бұл үндеу хатты қазақ зиялыларына, қазақ ақсақалдарына, жалпы күллi қазақстандықтарға бағыштап жазып отырмыз. Жоғарыда­ғы игiлiктi iстердi тындыру үшiн қар­жыны өз қо­лы­мызбен жинасақ қайте­дi? Бiр адам он адамды оятса, он адам мың адамды оя­тып, көп болып, ел болып, халық болып, осы iстiң аяғына жетуге неге болмасын?!

Бiздiң Отанымыз да - ортақ, тарихымыз да - ортақ, үйiмiз де - ортақ. Сондықтан да бұл iске қазақтың банкирлерi мен байлары, қиын жылдарда осы қазақ даласына келiп, осы жерде өсiп-өнiп отыр­ған өзге ұлттың ауқатты өкiл­дерi де үлес қосар деп сенемiз.

Әрине, бұл iстi ұйымдастыру, оны алға апару көп шара-шаруаны қажет етедi. Осы үлкен iске титтей де болса үлес қосып, не болмаса ақыл-кеңес берем дейтiн азаматтардың мына телефондар­ға хабарласуына болады:

8777288516 (Нұрлан Әмiре­құлов); 87017755968 (Марат Уатхан); 87017210043 (Қуаныш Мұқтай)».

«Жас Алаш» газеті 3 қараша 2009 жыл

0 пікір