Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 891 0 пікір 22 Шілде, 2026 сағат 14:18

Reuters: Қазақстан КТК-ға мұнай жөнелтуті тоқтатты

Сурет: bizmedia.kz сайтынан алынды.

Каспий құбыр консорциумы (КТК) — қазақстандық мұнайдың басты бағыты — 21 шілдеде танкерлерге жасалған дрон шабуылдарына байланысты шикізат қабылдауды тоқтатты. Бұл туралы Reuters агенттігіне дереккөздер хабарлады.

Шілде айында Новороссийск маңындағы Южная Озереевкада орналасқан КТК теңіз терминалында 5 танкер дрон шабуылына ұшырады.

КТК 20 шілдеде шикізат тиеудің тоқтатылғаны туралы хабарлады, бірақ ықтимал зақымданулар немесе терминал жұмысының қандай да бір іркілістері туралы нақтыламады.

Консорциумдағы 15 пайыздық үлеске ие Chevron компаниясы жағдайды жіті бақылап отырғанын мәлімдеді:

«Chevron КТК төңірегіндегі жағдайды бақылауды жалғастыруда. Қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау — біздің басты басымдығымыз. КТК-ға қатысты қосымша түсініктемелерді тікелей осы компаниядан алған жөн», — делінген компанияның ресми түсініктемесінде.

Reuters КТК-ның түсініктеме беруден бас тартқанын алға тартады.

Бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі Новороссийск маңындағы КТК теңіз терминалында мұнай тиеп жатқан NELSA танкеріне ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасағанын растаған еді. Бұл оқиға ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Энергетика министрлігі Қара теңіздегі танкерлерге жасалған бұрынғы шабуылдарды айыптағаннан кейін орын алды.

Украинаның Қазақстандағы Елшісі Виктор Майко КТК теңіз терминалында қазақстандық мұнайды тиеп жатқан танкерлерге жасалған дрон шабуылдары Киевтің «мүддесіне сай келмейтінін» мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1381
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2962
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1026
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 964