Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1184 0 пікір 24 Шілде, 2026 сағат 15:47

Алматыда заңсыз салынған 70 нысан бұзылады

Сурет: Алматы әкімдігі сайтынан алынды.

Алматыда заңсыз құрылысқа тосқауыл қою жұмыстары жүріп жатыр. 

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, 2026 жылы заң талаптарын бұза отырып салынған 41 нысан толық немесе ішінара сүрілген. Қазіргі уақытта қалалық Әділет департаментінде заңды күшіне енген 74 сот шешімі орындалу сатысында тұр. Олар заңсыз салынған нысандарды толық немесе жартылай сүріп тастауды көздейді.

Жыл басынан бері басқарма 1072 жоспардан тыс тексеру жүргізген. Оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 383,9 млн теңгеге айыппұл салынып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 432 нұсқама берілді.

Сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын сапасыз орындағаны үшін 43 ұйым жауапкершілікке тартылды. Ал техникалық қадағалауды тиісті деңгейде жүргізбегені үшін 40 ұйым мен техникалық қадағалау маманына қатысты шара қолданылды. Бұдан бөлек 148 жобалау ұйымы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 32,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1358
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2938
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1011
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 950