Сенбі, 29 Тамыз 2026
1869 0 пікір 31 Шілде, 2026 сағат 18:22

«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамытуға арналған жаңа бастамаларын таныстырды

Cурет: «Әділет» партиясынан алынды.

Партия төрағасы Айбек Дәдебай мен Құрылтай депутаттығына кандидаттар Көкшетау қаласында болып, «Bolashaq» сарайында кәсіпкерлермен, білім беру саласының өкілдерімен және қоғам белсенділерімен кездесті.

Сурет: «Әділет» партиясынан алынды.

Кездесудің басты тақырыптарының бірі – отандық бизнесті қолдау мәселесі болды. Кәсіпкер Индира Нұрлан өнеркәсіпті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейтін бірыңғай цифрлық платформаға біріктіруді ұсынды. Оның айтуынша, бұл жүйе арқылы кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алып, өтінім беріп, қаралу барысын қадағалай алады.

Сурет: «Әділет» партиясынан алынды.

Колледж оқытушысы Нұржамал Оспанованың ойынша, жаңа цифрлық экономикаға қажетті кадрларды даярлау қажет. Сол үшін ол жасанды интеллект технологияларын мектептен бастап кезең-кезеңімен енгізуді, оқушылардың цифрлық және AI дағдыларын қалыптастыруды, ал колледждерде робототехника мен цифрлық инженерия бағыттарын күшейтуді ұсынды.

Ал урбанист Расим Хамитов экология мен қаланы абаттандыру мәселелеріне тоқталды. Ол партия бағдарламасындағы қалаларды көгалдандыру, экологиялық мәдениетті дамыту және тұрғындарға қолайлы қалалық орта қалыптастыру бағытындағы бастамаларын қолдайтынын айтады.

«Партияның экологиялық мәдениетті дамыту бағытындағы бастамаларын қолдаймыз. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасына ерекше алғыс білдіргім келеді. Бұл бағдарлама қарапайым экологиялық акция емес, бүкіл елді біріктірген ауқымды ұлттық қозғалысқа айналды», – деді ол.

Осы орайда Құрылтай депутаттығына кандидат Рауан Кенжеханұлы партияның сайлауалды бағдарламасындағы экологиялық бастамаларды таныстыра кетті. Бағдарламада Қазақстандағы орман алқаптарын 14,5 миллион гектарға дейін ұлғайту қарастырылған. Сондай-ақ 2030 жылға қарай таза энергия көздерінің үлесін кемінде 15 пайызға, ал 2050 жылға қарай 50 пайызға дейін жеткізу көзделген.

Бағдарламаның тағы бір бағыты жолдардың, жылу желілерінің, су құбырларының және басқа да инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін жақсартуға арналған. Құрылтай депутаттығына кандидат Юлия Кучинская осы бағыттағы жоспарлардан хабардар етті.

«Ел бойынша 86 мың шақырым инженерлік желіні салу және қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде олардың орташа тозу деңгейі қауіпсіз саналатын 40 пайызға дейін төмендейді. Сонымен қатар 2029 жылға дейін 10 мың шақырым республикалық автожол жөнделіп, жергілікті және аудандық жолдардың нормативтік талапқа сай үлесі 95 пайызға дейін жеткізіледі», – деді Юлия Кучинская.

Кездесуде өнеркәсіп, туризм және цифрлық экономика салаларындағы кадр тапшылығы мәселесі де талқыланды. Құрылтай депутаттығына кандидат Шолпан Каринова балабақшалар мен мектептерде жаңа орындар ашу, колледждерді дамыту және жастарды жұмыспен қамтуға қатысты жоспарларын баяндады.

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында балабақшаларда 79 мыңнан астам жаңа орын ашу және мектептерде 300 мың оқушы орны пайдалануға беру көзделген. Колледждерде жастар екінші жұмысшы мамандығын тегін меңгере алады. Сондай-ақ жыл сайын шамамен 40 мың жас жұмыспен қамту бағдарламасына қатысады», – деді кандидат.

Кездесуді қорытындылаған партия кандидаттары өңірлердегі кездесулер қоғамның Мемлекет басшысы бастамашылық еткен реформалар мен конституциялық өзгерістерді қолдайтынын көрсетіп отырғанын айтты. Сонымен қатар олар ауыл шаруашылығын дамытуға арналған партия ұсыныстарына тоқталды.

«Бүгінде өңірлерді дамыту Мемлекет басшысының ерекше назарында. Біздің міндетіміз – әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оның дамуына жағдай жасау, жергілікті басшылықтардың өкілеттігін кеңейту және азаматтардың қай өңірде тұрса да лайықты өмір сүруіне мүмкіндік қалыптастыру. Облыс орталықтары да соған сай өңірлердің дербес экономикалық, білім беру және әлеуметтік орталықтары ретінде артық қолдауға ие болады. Фермерлер үшін жеңілдетілген қаржыландыруға қолы жетуіне мүмкіндігін арттырып, өңдеуші кәсіпорындарға заманауи агротехнологиялар мен ветеринарлық қызметтерді пайдалану мүмкіндігі ұлғаяды. Бұл қосылған құны жоғары ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттырып, жаңа кәсіпорындар ашуға және өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», – деді республикалық сайлауалды штаб өкілдері.

Спикерлер тұрғындардан түскен ұсыныстардың барлығы партияның «Қуатты өңірлер – қуатты ел» бағыты аясындағы алдағы жұмысына негіз болатынын айтты.

Республикалық сайлауалды штаб өкілдері апта бойы еліміздің өңірлерінде сайлаушылармен кездесулер өткізіп келеді. Ақмола облысына дейін олар Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды және Ұлытау облыстарында болды.

Дайындаған:

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Abai.kz

0 пікір