Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3158 0 пікір 4 Тамыз, 2026 сағат 16:48

Ерлан Қарин тойда уағыз айтатындарды сынға алды

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Ерлан Қарин тойда тілек орнына уағыз айтатындарды сынға алды.

Президент әкімшілігі төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында тойда тілек айту кезінде ерсі уағыз айтып, қоғамда қызу талқыға түскен азаматтың әрекетіне қатысты пікір білдірді.

Ол аталған видеоны көргенін айтып, онда айтылған әйелдерді кемсітетін көзқарастар мен әншілерге, музыка өнеріне қарсы пікірлердің қазақ қоғамының болмысына мүлде жат екенін атап өтті.

Ерлан Қариннің айтуынша, қоғамдық өмірде діни шектеулерден бұрын заң талаптары басшылыққа алынуы тиіс.

«Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біздің темірқазығымыз – Конституция. Бірінші орында діни шектеулер емес, еліміздің заңдары тұрады», – деп жазды ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1439
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3015
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1080
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1008