Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 116 0 пікір 3 Қыркүйек, 2026 сағат 15:47

Бүгін - қазақ тазысы мен төбеті күні

Сурет: e-history.kz сайтынан алынды.

Бүгін Қазақстанда алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтіп жатыр. Бұл – жай ғана атаулы күн емес, ғасырлар бойы ұлтпен бірге жасасқан төл мұрамызды қайта жаңғыртып, әлемге танытудың маңызды қадамы.

Қазақ үшін тазы – аңшылық құралы ғана емес. Ол – жеті қазынаның бірі, көшпелі мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ал төбет – қазақ даласының табиғи болмысымен біте қайнасқан текті ит тұқымы. Осы арқылы ата-бабамыздың тұрмысын, дүниетанымын және табиғатпен үйлесімді өмір сүру дәстүрін тануға болады.

Соңғы жылдары қазақы ит тұқымдарын сақтауға мемлекеттік деңгейде мән беріліп келеді. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту туралы заң күшіне енді. Қазақстан Халықаралық кинология федерациясының мүшелігіне қабылданып, 2024 жылы қазақ тазысы халықаралық деңгейде алдын ала мойындалды. Оның шыққан жері ретінде Қазақстан ресми түрде бекітілді.

Бүгінде қазақ тазылары халықаралық көрмелерде жүлде алып, елдің атын әлемдік кинология аренасында танытып жүр. Бұл – ұлттық мұраны сақтаудың ғана емес, Қазақстанның мәдени имиджін қалыптастырудың да бір жолы.

Ұлттық құндылықты ұлықтау – өткенге қарап қалу емес. Керісінше, оны заманауи форматта танытып, келер ұрпаққа жеткізу. Өз мәдениетін әлемге көрсете алған елдің ғана өзіндік болмысы айқын көрінеді. Сондықтан тазы мен төбетті дәріптеу – бір күндік науқан емес, ұлттық мұраны сақтап, оны әлемге танытатын ұзақ мерзімді жұмыстың бір бөлігі болуы тиіс.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 663
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1948
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 484
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 452