Жұма, 2 Қазан 2026
Жаңалықтар 562 0 пікір 4 Қыркүйек, 2026 сағат 14:56

ҰҚК 24 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды

Сурет: ҚР ҰҚҚ / kaz.inform.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен ел аумағында ауқымды арнайы операциялар топтамасын өткізді. Жыл басынан бергі жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 24 қылмыстық топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлады.

Арнайы операциялар барысында бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 169-дан астам адам құрықталды. Ұсталғандардың арасында қылмыстық топтардың жетекшілері де бар.

Тәртіп сақшылары шекара маңындағы аймақтарда, сондай-ақ өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында қылмыстық схемалар арқылы ұйымдастырылған заңсыз кіріс көздерін анықтап, олардың көзін жойды.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін шекарада жалпы құны 645 миллион теңгеден асатын декларацияланбаған шетел валютасы тасымалының жолы кесілген болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 322
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 344
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 447