Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Дидар-ғайып 328 0 пікір 9 Қыркүйек, 2026 сағат 14:52

«Айгүлдің» мүшесі Ағайша Исағұлова өмірден өтті

Сурет: ult.kz сайтынан алынды.

Ағима (Ағайша) Исағұлова 1945 жылғы 3 ақпанда бұрынғы Талдықорған облысының Басши-Нұрым ауылында дүниеге келген. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Музыка-педагогика факультетіне (қазіргі Өнер және мәдениет факультеті) түсіп, оқу орнын 1967 жылы «Музыка және ән» мамандығы бойынша бітіреді. Содан бері табан аудармай шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық қызметті абыроймен атқарып келеді.

А. Шермұхамбетқызына 1993 жылы доцент, 2010 жылы профессор ғылыми дәрежелері берілді. Оның бастамасымен «Айгүл» вокалды-аспаптар ансамблі, «Шаттық жыры» ансамблі, «Өнер жастан» опера театры мен тағы да басқа өнер ұжымдары құрылды.  Сондай-ақ А. Исағұлованың ұйымдастыруымен бірнеше халықаралық, республикалық, аймақтық өнер байқаулары, конкурстар мен фестивальдер жоғары деңгейде өтті.

Оның жетекшілігімен «Ақсұңқар» ардагерлер ансамблi ұйымдастырылды. Өнер ұжымы Алматының қарт тұрғындарын өнерге тартуды мақсат тұтады. Ағайша Исағұлова – кезiнде сырнаймен ән шырқап, аты күллi қазақ даласына танымал болған Майра Уәлиқызының сырнаймен ән айту мектебiн жалғастырушылардың бірегейі.

Өнерпаз туралы қазақтың кемеңгер ұлы Дiнмұхамед Қонаевтың: «Мен қазақтың екi-ақ қызын бiлемiн: бiрiншiсi – Хафиза Әбуғалиева аккордеонмен ән салушы едi. Екiншiсi – қарындасым Ағайша баянда ойнап, ән айтады. Бұл қыздар – елiмiзге келген бiртуар таланттар», – деген ұлағатты сөзi растай түседi. Кезiнде Ағайшаның орындауындағы әндердi тамашалап, сызылта тартқан сырнай үнiне бойы балқып, көңiлi шалқыған Шыңғыс Айтматов: «Оның ән айту шеберлiгiнде шаманизм сарыны жатқандай әсер бередi. Ол бiздiң бәрiмiздi өзiнiң алақанында ұстап, әнiмен тыныстатты» десе керек.

Бүгінде профессордың ғылыми-әдістемелік еңбектері, музыкалық шығармалары жоғары оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде пайдаланылады. Еңбектерінің қатарында «Музыка» бағдарламасы бойынша хрестоматия, фонохрестоматиялар, музыка пәнінің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік нұсқаулықтар, халық әндерінің жинақтары бар.

Ол кісі ұстаздықпен қатар, халық арасында кеңінен тараған 100-ге жуық әннің де авторы. Исағұлованың өміршең туындыларын өзінің шәкірттері, есімі елге танымал өнер иелері Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлушаш Нұрмағамбектова, Сәкен Қалымов, Галина Қарамолдаева, Гүлмира Ақүрпекова, Тамара Асар, Дина Хамзина, Ұлжан Айнақұлова, Алтын Маханбетова, Гүлнұр Өмірбаева және тағы басқалар орындайды.

«Қазақ» радиосының «алтын қорында» А. Исағұлованың орындауындағы 250-ден астам шығарма сақтаулы. Ол Венгрия, Польша, Чехия, Болгария, Германия, Литва, Украина, Белорусь, Югославия, Түркия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей елдерінде қазақ өнерін насихаттап, жеке ән кештерін өткізді. Сонымен қатар ол еліміздің барлық өңірінде «Көкпар» атты авторлық ән-музыка кешін және қайырымдылық шараларын өткізуге мұрындық болды.

Ағайша Исағұлова «Алло, мы ищем таланты», «Жаңа ғасыр – жаңа ән», «Ттар әуендері», «Үздік музыка пәнінің мұғалімі», «Аталар сазы», «Татар моңнары» атты халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1025
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2572
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 715
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 678