Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 175 0 пікір 15 Қыркүйек, 2026 сағат 14:06

Үкімет цифрлық активтер саласын қалай дамытпақ?

Сурет: Үкіметтің телеграм арнасынан алынды.

Қазақстан Үкіметі Цифрлық активтер саласын дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын мақұлдады.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Цифрлық активтер саласын дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары мақұлданды.

Құжат 10 бағыт бойынша 65 іс-шараны қамтиды және экономикада цифрлық активтерді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Кешенді шараларды жүзеге асыру инвестициялық тартымдылықты арттыруға және цифрлық активтердің заманауи, бәсекеге қабілетті саласын қалыптастыруға ықпал етеді.

«Ұлттық банк мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мемлекет басшысының цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі Жарлығында белгіленген шаралардың уақтылы әрі сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі тиіс.Нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін әрбір басшының дербес жауапкершілігі көзделген. Осыған баса назар аударамын», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жоспарды жүзеге асыру:

капиталды Қазақстанның ашық әрі айқын қаржы айналымына қайтаруға;

төлемдер мен нақты секторды қаржыландыруда цифрлық активтерді пайдалану аясын кеңейтуге;

жаңа инвестициялық құралдарды қалыптастыруға;

клиенттер мен инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейтуге;

цифрлық қаржы қызметтері экспортын дамытуға мүмкіндік береді.

Бірлескен жоспар іс-шараларының орындалуы Қазақстанның цифрлық активтер нарығын дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаруға ықпал етеді. Ұлттық банк жұмысты үйлестіреді және іс-шаралардың орындалу мерзімдеріне мониторинг жүргізеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1225
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2753
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 879
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 833