Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
46 - сөз 125 0 пікір 16 Қыркүйек, 2026 сағат 14:15

Ұлы тойға - Ұлы бата!

Сурет: Автордың мұрағатынан алынды.

Батаға қатысты өз ойым:

Қазақ батаға ерекше мән береді. Бұл жақсы дәстүр.

Астарында - аруақты разы ету, тіршілікке жақсылық тілеу, ұрпаққа жол көрсету және т.т. ізгі ниет жатады.

Бата  - таза көңілден шығуы тиіс. Сонысымен ол шынайы.

Бірақ, оның әр жағдайға байланысты берілетін түрі бар екенін ескеру керек.

Ұлы тойға Ұлы бата беріледі.

Ол - Елдік мәселені қамтиды.

Орта тойға - ортаға қатысты бата беріледі. Ол - осы әулетке, жиынға қатысушыларды қамтиды.

Ал, күнделікті дастарханда берілетін бата - қысқа-нұсқа берілуі тиіс.

Біз болсақ, әрбір дастарханға бата бергенде, неғұрлым ұзақ айтсақ, әдемілеп айтсақ деп тырысамыз.

Бұл дұрыс емес.

Ол жағдайда - бата тек "бата үшін" айтылған болып шығады.

Бұл, яғни, "әдемі бата берді" деп көзге түсіп, мақтанышқа бөлену үшін дегендей ой қалдырады.

Себебі, әрбір сыйлы қонақтың, ақсақалдың қиынынан қиыстырып, жырауларша толғап бата беруге қабілеті жете бермейді.

Сондықтан бүгінде жасы үлкен кісілердің өзі қазір бата беруден қашқақтайтын болды.

"Сен бер, мен бер" деп, бата беруді допша дөңгелететін жағдайға жеттік.

Олай болса, біз күнделікті батаны көп сөзбен созбай, ұйқастырып әрлеймін деп әуре болмай - өзіңнің шын тілеуіңді айтуға ден қойғанымыз абзал.

Мысалы, үлкен-кішілі дастарханда "батаны жақсы береді" деп, жасы кішілерге жол береміз, кейде.

Негізі, онда ең үлкен қария беру керек еді.

Сондықтан, осылай болмас үшін, МЭТАЭПИСТЕМА тобымыз "Дастархан батасы" стандарттарын жасаса - артық болмас еді...

Ол - батаның өте қысқа, бірақ, адресті болуын қамтамасыз ететіндей болғаны жөн бе деймін...

Сонда ғана, қариялар бата беруден қашпайтын болады...

Әбдірашит Бәкірұлы, философ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1245
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2771
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 895
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 843