Бейсенбі, 29 Қазан 2026
814 0 пікір 25 Қыркүйек, 2026 сағат 20:53

Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді

(Сурет:Видеоның скриншоты)

Шымкент қаласындағы қонақ үй кешендерінің бірінде полиция қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асабаны ұстады. Ол Астана қаласының 36 жастағы тұрғыны С. есімді азамат болып шықты.

Тінту барысында қонақ үй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет және өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Ер адаммен бірге, алдын ала мәлімет бойынша интимдік қызмет көрсететін әйел болған.

Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және “мак” екенін, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын көрсетті.

Тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталуда.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1253
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1758