Көшпелілер эстетикасы
(Если бог красив, то он красив во всем)
Биыл Мұрат Әуезов бастаған жас философтардың 1976 жылы жазған, бірақ, баспадан шыға салысымен туралып жойылған кітабының шыққанына 50 жыл.
Бұл мәдени драма өз алдына зерттеуді талап етеді.
Оған мына сұрақтар қойылады:
1. Сол кездері Қазақстандық философия не себептен саясаттан алшақтау «диалектикалық логика» тақырыбын қолға алды?
(Ж.Абдильдин тобы).
2. Осы тақырыпты зерттеуде «Алматы диалектикалық мектебінің» өмірге келуі - қазақ философиясын дамытуға, беделін арттыруға қандай үлес қосты?
3. Сол «беделді» пайдалана отырып, «көшпелілер философиясын» дамыту әрекетін философияның «жас перілері» М.Әуезов, С.Ақатаев бастаған топ қалай жүзеге асыра алды?
4. Тотолитарлық идеологияны «алдап, айналып өту» әрекетін неге Мәскеуде құрылған «Жас тұлпар» ұлттық ұйымы жетекшілері М.Әуезов пен С.Ақатаевтар қолға алды?
5. Олар не себептен «эстетика» тақырыбын бет перде ретінде ұстанды?
6. Ежелгі Грек философиясының пайда болуы эстетикалық сана мен өнердің дамуынан бастау алғаны оларды осыған итермеледі ме?
7. КП және философия саяси идеологиясы бұған қалай жол беріп қойды?
8. Ұлттық эстетикалық сананы дамыту - қазақтың ұлттық философиялық ойдың дамуына негіз бола алар ма еді?
9. Көшпелілер эстетикасы (қазақ дүниетанымы) «Если бог красив, то он красив во всем» (Егер құдай әсемдік өлшемі болса, ол барлық жағынан әсем болады) деген принцип басшылыққа алады ма?
10. Ол ұлттық сананың өрлеуіне әкелетін қадам екенін КП идеологтары біліп қойғандықтын, «Көшпелілер эстетикасын» гильотинаға жіберді ме? Басқа себептері қандай?
11. 1986 жылы Желтоқсанда қазақ жастарының тотолитаризмге қарсы көтеріліске шығуы - қазақ халқының Ұлттық философиясының (санасының) әділеттілік сипатта болуынан туды ма?
12. Сол кездері пайда болған өрлік сананы қазақ халқы неге сақтай алмай қалды?
Міне, осы сұрақтар, және, айтылмай қалған көптеген астарлы сұрақтар бүгінде мені толғандырады...
Осы мәселені философия тарихы аясында зерттеп, диссертациялық тақырып етемін деген магистранттар (студенттер) болса - көмегімді беруге әзірмін.
Ойлан, қазақ, ойлан!
Әбдірашит Бәкірұлы
Abai.kz