Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 344 0 пікір 28 Қыркүйек, 2026 сағат 15:06

«Біз үшін өліп пе?»: Шымкент тұрғыны қамауға алынды

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Аза тұту күніне байланысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны әкімшілік қамауға алынды.

«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері TikTok желісіндегі тікелей эфирді анықтады. Трансляция кезінде Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны Нұрахмет Бердібай көрерменнің аза тұту күніне қатысты сұрағына жауап бере отырып, қоғамды айқын сыйламаушылықты білдіретін және қоғамдық тәртіпті бұзатын сөздер айтқан. Эфирге сондай-ақ 22 жастағы Әбзал Мүсірманқұл мен Бақдәулет Мұстафа да қатысқан. Сот шешімімен Нұрахмет Бердібай 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», – деп хабарлайды дүйсенбі күні Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған қоса, полицияның хабарлауынша, үшеуіне де қоғамға қарсы мінез-құлыққа жол бермеу туралы ресми ескерту жасалған.

«Олар сондай-ақ ішкі істер органдарына бір ай мерзімге профилактикалық есепке қойылды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Шымкент тұрғыны жалпыұлттық аза тұту күніндегі өзін-өзі ұстауына қатысты қойылған сұрақтардың біріне: «Аза тұту күні? Байғұстар біз үшін өліп пе еді?», – деп жауап беріп, сөзінің соңын балағат сөздермен аяқтаған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1579
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3193
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1182
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1093