Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 118 0 пікір 30 Қыркүйек, 2026 сағат 17:18

Қазақстан Ауғанстанға бидай мен күнбағыс майын жеткізеді

Сурет: ЖИ арқылы жасалған / 24.kz.

Герат қаласында Қазақстан мен Ауғанстан кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өтті. ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов бастаған қазақстандық делегация құрамында ауған нарығына шығуға мүдделі 12-ге жуық отандық компания болды.

B2B форматындағы кездесулер нәтижесінде бірнеше маңызды келісімге қол қойылды:

  • Қазақстандық «WAYSTAR» және «Kim Rail International» компаниялары ауғандық «OSMAN KHALID» серіктестігімен жалпы құны $11 млн болатын бидай жеткізу келісімшартын жасасты.

  • Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының қатысуымен құны шамамен $10 млн болатын күнбағыс майын экспорттау туралы келісімге қол жеткізілді.

Сапар аясында қазақстандық «Integra Construction KZ» ЖШС қатысуымен салынған «Хаф – Герат» теміржолының үшінші учаскесі салтанатты түрде ашылды. Сонымен қатар отандық бизнес өкілдері Герат провинциясындағы индустриялық аймақты аралап, мәрмәр өңдеу, металл прокаты, фармацевтика және сусындар өндірісінің әлеуетімен танысты.

Екі ел арасындағы сауда айналымы қарқынды өсіп келеді. 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында тауар айналымы $581,1 млн жетіп, 2025 жылдың бүкіл қорытынды көрсеткішінен ($541,6 млн) асып түсті. Отандық экспорттың негізін ұн, бидай, күнбағыс майы, металл өнімдері мен минералды тыңайтқыштар құрайды.

Кабул мен Гераттағы Қазақстан Сауда үйлері, тұрақты ұйымдастырылатын бизнес-форумдар мен сауда миссиялары екі ел кәсіпкерлерінің тікелей байланыс орнатып, экспортты арттыруына кең жол ашуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1605
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3221
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1209
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1118