Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 206 0 пікір 30 Қыркүйек, 2026 сағат 17:35

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

Сурет: Тұрар Қазанғаповтікі / tengrinews.kz.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу нәтижелері бойынша халықтың негізгі әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша көрсеткіштер қалыптасады.

2026 жылдың III тоқсанында ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы жан басына шаққанда орта есеппен 72 791 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен (2025 жылдың III тоқсаны – 60 878 теңге) салыстырғанда 19,6%-ға жоғары. Ал 2026 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда өсім 7,7%-ды құрады (67 618 теңгеден 72 791 теңгеге дейін).

Жас ерекшеліктері топтары бойынша 2026 жылдың III тоқсанындағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы:

1) 0-13 жастағы балалар үшін — 61 400 теңге. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың III тоқсанымен (52 287 теңге) салыстырғанда 17,4%-ға, ал 2026 жылдың II тоқсанымен (53 645 теңге) салыстырғанда 14,5%-ға өсті.

2) 14-17 жастағы ұлдар үшін — 91 345 теңге. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен (76 085 теңге) салыстырғанда өсім 20,1%-ды, ал 2026 жылдың II тоқсанымен (85 613 теңге) салыстырғанда 6,7%-ды құрады.

3) 14-17 жастағы қыздар үшін — 69 986 теңге. Бұл 2025 жылдың III тоқсанындағы деңгейден (58 298 теңге) 20,0%-ға жоғары. Тоқсандық динамикада көрсеткіш 2026 жылдың II тоқсанымен (65 598 теңге) салыстырғанда 6,7%-ға өсті.

4) Еңбекке қабілетті жастағы еркектер үшін — 86 013 теңге. 2025 жылдың III тоқсанымен (71 765 теңге) салыстырғанда 19,9%-ға, ал 2026 жылдың II тоқсанымен (80 519 теңге) салыстырғанда 6,8%-ға артты.

5) Еңбекке қабілетті жастағы әйелдер үшін — 68 258 теңге. Бұл 2025 жылдың III тоқсанындағы деңгейден (56 953 теңге) 19,8%-ға жоғары. 2026 жылдың II тоқсанымен (63 933 теңге) салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 6,8%-ға өсті.

Зейнеткерлер мен егде жастағы адамдар үшін — 67 732 теңге. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен (56 416 теңге) салыстырғанда өсім 20,1%-ды, ал 2026 жылдың II тоқсанымен (63 422 теңге) салыстырғанда 6,8%-ды құрады.

Осылайша, 2026 жылдың III тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі халықтың барлық жас және әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша байқалады. Жылдық есептегі ең жоғары өсім 14-17 жас аралығындағы ұлдар мен зейнеткерлер және егде жастағы адамдар арасында тіркелді — әрқайсысы бойынша 20,1%.

2026 жылдың II тоқсанымен салыстырғандағы тоқсандық динамикада да өсім қарастырылып отырған барлық топтар бойынша байқалады және ол 6,7%-дан 14,5%-ға дейінгі аралықты құрайды.

Тоқсанаралық ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ең төменгі тұтыну себеті құнының динамикасына байланысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1605
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3221
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1209
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1118